Аймақтар • 27 Қаңтар, 2025

Павлодар облысында өртенген мектептің орнына жаңа мектеп салынады

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көктемде шенеуніктер Бұланбай ауылындағы жаңа мектеп құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге кіріседі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облысында өртенген мектептің орнына жаңа мектеп салынады

Фото: instagram.com/samal.aitkazina

«Облыс әкімі Асайын Қуандықұлы Байхановтың тапсырмасымен өртенген мектептің орнына бала санына сәйкес жаңа оқу ғимараты салынады. Мектептің салынуы білім ошағын жөндеуден бөлек, ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын жақсартуда маңызды қадам болмақ. Шағын жинақты мектеп құрылысын бастау үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп, бюджеттен қаржы бөлу қажет», деді Павлодар облысы білім басқармасының басшысы Самал Айтқазина.

Айта кетейік, өрттен кейін бірден Бұланбай ауылындағы мектептің оқушыларын ауылдық шағын орталыққа уақытша орналастыру туралы шешім қабылданған.

Естеріңізге сала кетейік, 23 қаңтар күні Ертіс ауданындағы Бұланбай ауылындағы жалпы білім беретін мектептен өрт шықты. Өрт сөндірушілер 130 шаршы метр аумақта тараған қызыл жалындыі тез арада оқшаулағанымен, бұл уақытта мектеп толығымен жанып үлгерген.