
Ер адам үстелдің қасына барып, сол жерде отырғандардың бірін жұдырықпен ұрып жіберді. Ал екінші қолына пышақ ұстап, боқтық сөз айтып, қорқытқан.
Оның айтуынша, зардап шеккен адам өзінің дастарханына келіп, сусын құйып алған.
Ғаламторда ер адамның құқық қорғау органдарында жұмыс істейтіні жазылған, бірақ полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды.
«Сұралып жатқан адам құқық қорғау органының қызметкері емес. 25 қаңтарда Өскемендегі ойын-сауық орындарының бірінде екі бейбіт тұрғын арасында жанжал болды. Облыс орталығының 34 жастағы тұрғынына қатысты жасалған бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінен.
Барлық материал шешім шығару үшін сотқа жіберілді.