Пікір • 28 Қаңтар, 2025

Бірнеше басымдықтар мен бастамаларға куә болдық - әлеуметтанушы

290 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысында қорытынды сөз сөйледі. Осы орайда Астанадағы «Мемлекет тарихы» институтының ғылыми-ақпарат бөлімінің басшысы Еркебұлан Аманғосовтан пікір білдіруін сұраған едік.

Бірнеше басымдықтар мен бастамаларға куә болдық - әлеуметтанушы

Еркебұлан Русланбекұлының айтуынша, Президенттің сөйлеген сөзі –ағымдағы экономикалық-әлеуметтік мәселелерге ғана қатысты емес, бұны – мемлекет, бизнес және қоғам арасындағы «жаңа қоғамдық келісім-шартты қалыптастыру бағытындағы маңызды бір қадам», деп бағамдауға болады.

«Президент өз сөзінде жақын мерзімдегі басымдықтар мен әлеуметтік мәселелерге көп көңіл бөлді. Оның ішінде  қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, инфрақұрылымды дамыту, білім мәселесі жан-жақты айтылды. Осы тұста «жаңа қоғамдық келісім-шарт» деген мағына тұрғысында айта кетсем, қазіргі таңда  мемлекеттің барлық кіріс-шығысына дейін әділеттілікті қамтамасыз ету, инвестициялық тартымдылықты күшейту бойынша бірнеше басымдықтар мен бастамаларға куә болдық. Мысалы, былтырғы референдум тұрғысында салынуға тиісті бір атом электр станциясынан кейін алдағы уақытта екінші және үшінші АЭС салынатыны және сол арқылы елдің энергетикалық қауіпсіздігі мен мемлекет пен ұлт мүддесіне тиесілі басымдықтарға көңіл бөлініп отырғанын көрдік.  Осы бастамалардың ар жағында Сланц мұнай кен орындарының игерілуі секілді жоспарлар Үкімет тарапынан аталып, стратегиялық шешімдердің қабылдануына басымдық қосылды», деді Еркебұлан Аманғосов.

Сондай-ақ, оның пікірінше техникалық-кәсіптік білім беру жүйесін реформалау маңызды, өйткені бұл – жаңа салалар бойынша білікті кадрларды даярлауға деген қажеттіліктен туындап отыр. Сонымен қоса Мемлекет басшысының бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде жаңа мектептердің көптеп салынуы – үш ауысымды мектептерді азайтуға бағытталған үлкен стратегиялық іс-шара.

«Бұның барлығы – мол қаржыны талап етеді. Сондықтан сол бастамалардың шеңберінде «жаңа қоғамдық келісім-шарттың» жатқандығын байқаймыз, әрине, бұл белгілі бір деңгейде бюджеттік шығындардың ашық болуын талап етеді және бизнес тарапының мемлекет пен қоғам алдындағы жауапкершілігін арттыруды көздейді», деп түйіндеді әлеуметтанушы Еркебұлан Аманғосов.

Соңғы жаңалықтар

Сармат дәуірінің сарқыты

Жәдігер • Бүгін, 08:35

Танымал отбасының сыйы

Жәдігер • Бүгін, 08:33

Саятшылар сарайы

Мирас • Бүгін, 08:30

Майданда шейіт кеткен шайырлар

Өшпес даңқ • Бүгін, 08:25

Елшіл тұлға

Тұлға • Бүгін, 08:22