Қоғам • 29 Қаңтар, 2025

Өндірісте оқыс жағдай азайды

75 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Былтыр өндіріс кезіндегі жазата­йым­ оқиғадан 1048 жұмыс­кер зардап шегіп, 202 адам қайтыс болды. Елдің ең қым­бат құндылығы саналатын адам өміріне өндірісте төнетін қатер 2023 жылмен салыстырғанда сәл де болса, азайды.

Өндірісте оқыс жағдай азайды

Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігі Мем­лекеттік еңбек инспекция­сы комитетінің мәліметінше, былтыр өндіріс орындарындағы жарақат алу дерегі 2023 жылмен салыстырғанда 4,5%-ға төмен­­деген. Дегенмен еліміз­дің өнді­рістік аймақтарында жұмыс­керлердің жарақат алу оқи­ғасы жиі тірке­леді. Мәселен, Қарағанды облысында – 159, Шығыс Қазақстан облысында – 124, Павлодар облысында – 112, Абай облысында – 101, Қостанай облысында 91 адам зардап шеккен. Сондай-ақ Алматы қаласында 116 адам жұмыс кезінде түрлі жарақат алған. Әсіресе тау-кен металлургия өндіретін өнеркәсіптерде (18,3%), одан кейін құрылыс саласында (10,1%.) жұмыскерлердің оқыс оқиғаға ұшырау фактісі жиі тіркелген.

Қызметкерлердің жұмыс үстін­де аран­дауының басым көпшілігі өнді­рістегі жұмыстың тиісті дең­гейде ұйымдастырылмауы (35,5%), жапа шегушінің өрескел қам­сыз­­дығы (31%), жол қозғалысы ере­­ж­е­­­лерінің бұзылуы (8,2%), еңбек қа­уіп­­сіздігі, еңбекті қорғау ере­же­­­­­ле­рін сақтамаудан (7,6%) туын­даған.

Қауіпсіз еңбек жағдайын қалыптастырып, өндірістегі жа­ра­қатты азайту – Үкімет пен Еңбек және халықты әлеу­меттік қорғау министрлігінің негізгі міндеттерінің бірі. Бес жылда мемлекеттік органдар мен жұмыс берушілердің еңбекті қорғауға қатысты жүзеге асырған кешенді шаралардың нәтижесінде, азамат­тардың өндірісте жарақат алу дең­гейі 6,3%-ға төмендеді.

Профилактика мен бұзушы­лық­ты алдын алу мақсатында елі­­­міздің 3262 кәсіпор­нына қауіп­сіздік пен еңбекті қорғау стан­­дарттары енгізілді. 2019 жыл­дан бастап министрлік «Нөл­дік жарақат – Vision Zero» тұжы­рым­дамасын жетілдіруге айрық­ша назар аударып отыр. Бұл тұ­жы­рым 605 кәсіпорында іске қосылған.

Құрылыс нысандарында­ бас мердігердің еңбек қауіп­­сіз­дігі мәселелері жөнінде бар­лық қосалқы мердігерлерге жауап­кершілік пен бақылауды күшейтетін модель енгізу қол­ға алынып, 318 кәсіпорында іске қосылды. Жұмыс берушілерге еңбекті қорғау талап­тарының сақталуын өзін-өзі тексеруден өтуге мүмкіндік беретін «Онлайн еңбек консультанты» электрондық сервисі де бар. Сервисті бүгінге дейін 42 985 жұмыс беруші пайдаланған. 

Соңғы жаңалықтар

Жұмысшы мамандықтарға сұраныс жоғары

Жұмысшы мамандықтар жылы • Кеше

Шебер дәнекерлеуші

Еңбек • Кеше

Мал баққанға бітеді

Еңбек • Кеше