Пікір • 30 Қаңтар, 2025

Экономиканың негізгі мәселесі

157 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлем елдері сияқты Қазақстанды да технологиялық тәртіпке көшуден туындаған жаһандық өзгерістерді айналып өтпейді. Цифрландыру мен инновация жаһандық экономикаға айтар­лықтай әсер етеді. Бұл – трансформацияның ең күрделі салдарының бірі елдер және мемлекеттер ішіндегі әртүрлі әлеуметтік топтар арасындағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздіктің артуы.

Экономиканың негізгі мәселесі

Фото: inform.kz

Еліміз өз саясатында адами капиталды дамыту негізгі элементке айналған инклюзивті экономикаға басымдық береді. Үкіметтің кеңейтілген отырысында айтылған бастамалар аза­мат­тардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған кең ауқымды әлеуметтік-эконо­ми­калық реформалардың заңды жалғасы болмақ. Экономиканы жаңғыртудың қажеттіліктерін ескере отырып, елге инвес­тиция тарту экономикалық стра­те­гияның негізгі мәселесі ретінде қарастырылады. Инвес­торлар үшін преференциялар мен кепілдіктер кешенін қоса алғанда, шетелдік және отандық инвестицияларды ынталандыру бойынша қосымша іс-шаралар әзірленеді. Бұл ретте инвесторлардан мемлекет алдындағы бірқатар міндеттемені орындау талап етіледі. Бұл дегеніміз – жұмыс орындарын сақтау, өндірісті жаңғырту, сонымен қатар экологиялық талаптарды сақтау.

Мемлекет алдында тұрған бас­ты мәселе – демографиялық өсу. Елімізде жыл сайын 400 мыңға жуық бала дүниеге келетінін ескерсек, бұл көрсеткіш еңбек нарығы мен инфрақұрылымға қатты әсер етеді. Бұл үрдіс мем­лекеттен әлеуметтік және эко­номикалық саясатты жос­пар­лауға стратегиялық көзқа­рас­ты талап етеді.

 

Анна Альшанская,

Президент жанындағы ҚСЗИ Экономикалық саясатты талдау бөлімінің басшысы