Әлем • 30 Қаңтар, 2025

Израильде 110 тұтқын бостандыққа шығарылады

65 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Израиль бүгін тағы 110 палестиналық тұтқынды босатады, деп хабарлайды Egemen.kz

Израильде 110 тұтқын бостандыққа шығарылады

Фото: ашық дереккөз

Олардың арасында кәмелеттік жасқа толмаған 30 бала мен өмірбақи түрмеде отыру жазасына кесілген 32 адам бар.  Мұның қарымтасы ретінде ХАМАС 8 израильдік тұтқынды бостандыққа жібереді.

Олардың арасында 5 Таиланд азаматы бар. Естеріңізге сала кетейік, Газа секторындағы оқ атпау режимі туралы келісім 19 қаңтарда күшіне енген. Бірінші кезең 42 күнге созылады. Бұл уақытта ХАМАС 30 израильдікті, ал Израиль 2 мыңға жуық палестиналықты жіберуі керек. Бұдан бөлек, Израиль Газа секторының халық тығыз қоныстанған аумағынан әскерін әкетуге тиіс.