Өнер • 31 Қаңтар, 2025

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын хабарлады

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа туындысының жарық көретін уақытын жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын хабарлады

«Қымбаттыларым! Алдағы уақытта жаңа әннің тұсаукесері болатынын қуана хабарлаймын. 7 наурызда біз әлемге әйгілі композитор және продюсер Вальтер Афанасьев бастаған халықаралық ән жазушылар тобы дайындаған әнді шығарамыз. Ән «Love’s Not Over Yet» деп аталады. Сіздерге ұнайды деп үміттенемін!», деп жазды Димаш Instagram парақшасында.

Аз уақыт ішінде жазбаны көпшілік қолдап, оң пікір қалдырған.

Соңғы жаңалықтар

Қызылорда облысында жол жабылды

Аймақтар • 25 Ақпан, 2025

СҚО-да құсбегілердің сайысы өтті

Ұлттық спорт • 25 Ақпан, 2025

Алматыда адвокат сотталды

Оқиға • 25 Ақпан, 2025