
Фото: polisia.kz
Қайғылы оқиға 2000 жылдың желтоқсанында болған. Қылмыстың жасалуына қаржылық келіспеушілік себеп болған. Салдарынан екі тұрғын оқ жарақатынан қаза тапқан.
Жүргізілген жедел іс-шаралардың нәтижесінде екі күдікті – тапсырыс беруші мен орындаушы ұсталған.
ІІМ мәліметінше, тікелей дәлелдердің болмауына байланысты қылмыс ұзақ уақыт бойы ашылмаған.
«Алайда жедел-тергеу тобының мұқият жұмысының арқасында оқиғалар тізбегін қалпына келтіріп, күдіктілерді анықтадық. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында олардың қылмысқа қатыстылығын растайтын қосымша айғақтар алынды. Қылмыстық іс «Алдын ала сөз байласу бойынша топтың екі немесе одан да көп адамды өлтіруі» бабы бойынша жүргізіліп жатыр», деді ІІМ криминалдық полиция департаментінің бастығы Қанат Нұрмағамбетов.