
Фото: polisia.kz
Естеріңізге сала кетейік, жаппай тәртіпсіздік кезінде 2960 табельдік және азаматтық қару ұрланған болатын.
«Бұл ретте соңғы үш жылда жедел іс-шаралардың, тінту және рейдтердің нәтижесінде 8 мыңға жуық атыс және травматикалық қару, 831 граната және түрлі калибрлі 112 мыңнан астам оқ-дәрілер табылып, тәркіленді. Сондай-ақ қару жасырылған 722 орын табылды. Бүгінгі таңда қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған 1226 қарудың шығу тегі нақты айқындалды. Қалған тәркіленген 6765 қарудың қылмыскерлер тіркеу нөмірлерін қасақана жойып, өшіріп тастағанына байланысты қазіргі уақытта олар бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды, - деді департамент бастығы», деді ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Алекешев.
Биыл қаңтар айында Шымкент қаласының шетінде зират маңынан қару жасырылған орын табылып, 4 тегіс ұңғылы мылтық пен түрлі оқ-дәрілер тәркіленген. Анықталғандай, олардың ішінде Алматы қаласындағы қару-жарақ дүкенінен қаңтар оқиғасы кезінде ұрланған қарулар да бар. Сондай-ақ Қостанай облысында бұрын сотталған жергілікті тұрғынның жертөлесінен 3 Калашников автоматы табылып, тәркіленді.
Аталған бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.