Өндіріс • 04 Ақпан, 2025

Сапалы сусынға сұраныс жоғары

300 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Жамбыл облысында кейінгі жылдары әлеует­ті ин­весторлар тар­ту арқы­л­ы өндіріс ошақ­тарын көбейтуге басымдық бе­рі­ліп отыр. Жергілікті атқа­рушы билік өкілде­рі шетелдік және отан­дық инвестор­ларға қол­дан келгенше қол­дау көр­сетеді. Жыл басы­нан бері өңірде екі зауыт ашыл­ды. Мамыр айында «Та­раз» индустриялық айма­ғында метал­лургиялық кәсіпорын іске қосылмақ.

Сапалы сусынға сұраныс жоғары

Суреттерді түсірген – Нұрболат АМАНЖОЛ

Облыс орталығынан 110 шақырым қашықта жатқан Тұрар Рысқұлов ауданында жаңа кәсіпорын жұмысын бас­тады. Біршама уақыт бұрын құрылысы басталған минералды ауызсу шығаратын зауыт бірнеше күн бұрын пай­далануға берілді. Сағаты­на 3 мың литр минералды су шы­ға­ратын өндіріс ошағының басшылары бірінші кезекте ішкі нарықты қамтуға бекініп отыр. Аудан әкімі Ернар Есіркеповтің айтуынша, жобаны толыққанды жүзеге асыру үшін «Парус-Т» ЖШС 200 млн теңге көлемінде инвестиция салған.

«Мемлекет басшысының өңірлерге инвестиция тарту туралы тапсырмасы назарымыздан тыс қалған емес. Өңір басшысы Ербол Қарашөкеевтің тікелей тапсырмасы негізінде ауданымызда ілкімді жобалар қолға алынды. Алдағы уақытта өндіріс ошақтары санын арттыру бойынша нақты жұмыс­ атқарамыз. Рахым Сәбде­нов аулында жаңадан ашыл­ған кәсіпорынның құрылы­сы 2023 жылы басталған. Жоба екі кезең бойынша жүзеге асты. Бастапқыда қажетті құрал-жабдықтар сатып алынса, 2024 жылы қытайлық білікті мамандар зауытты іске қосумен айналысты. Жергілікті атқарушы билік өкілдері отандық өнімді қолдайды. Біз өз тарапымыз­дан қолдан келгенше көмектесу­ге әзірміз. Өндіріс ошақта­ры көбірек ашылған сайын жаңа жұмыс орындарын құру мүмкіндігі артады», дейді аудан әкімі.

в

Рахым Сәбденов ауылы аумағында орналасқан жаңа зауыттың құрылыс жұмысына 30 адам тартылған болса, өндіріс ошағы іске қосылғаннан кейін мұнда 15 азамат тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Ал алыстағы ауылда салынған зауыт өнімі «Baital» атауымен нарыққа шықпақ. Инвесторлардың айтуын­ша, өнімнің бағасы қолжетімді.

«Зауыт шығарып отырған минералды ауызсуды жергілікті азаматтар пайдаланады деген сенім зор. Өнімде адам ағзасына пайдалы элементтер баршылық. Бағасы нарық құнымен салыстырсақ, тұтынушылар үшін өте тиімді болып тұр. Минералды ауызсу кәсіпорны салынбас бұрын түрлі лабораториялық зерттеу жұмысы жүргізілді. Барлық зерттеу жұмысының нәтижесі біз өндіретін судың сапасы өте жоғары екенін айқындады. Ол құжаттың барлығы қолымызда бар. Бір сөзбен айтқанда, барлық санитарлық нормаға сай екені дәлелденді. Құтыдағы ауызсудың көлемі 0,33, 0,5, 1 және 1,5 литр болып нарыққа жол тартады», дейді кәсіпорын басшысы Майра Рахимова.

Кәсіпорын басшысының айтуынша, зауыт жұмысын өркендету бойынша нақты жоспар бар. Ол алдағы уақытта беделді кәсіпкерлермен келіссөз жүргізу арқылы «Baital» минералды ауызсуын нарыққа молынан шығаруды жоспарлап отыр. Әзірге жергілікті кәсіпкерлер қолдан келгенше қолдау көрсетуге әзір екендіктерін байқатқан. Тиісті қолдауды тапса, «Baital» минералды суы Құланның брендіне айналуы да мүмкін.

Ернар Есіркеповтің айтуынша, аймақта жалпы құны 16,1 млрд теңге болатын 20 инвестициялық жобаны жүзеге асыру көзделген. Бірқатар әлеуетті инвестормен бірлесіп жұмыс істеу жөнінде келіссөз жүргізілген. Бұл жобалар толығымен жүзеге асқан кезде 500 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік тумақ.

 

Жамбыл облысы,

Тұрар Рысқұлов ауданы,

Рахым Сәбденов ауылы