Оқиға • 04 Ақпан, 2025

Елімізде заңды өрескел бұзған үш судья жауапқа тартылды

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриі жеті судьяға қатысты тәртіптік істі қарады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елімізде заңды өрескел бұзған үш судья жауапқа тартылды

Фото: Жоғарғы Сот

Істі қарау нәтижелері бойынша заңды өрескел бұзған үш судья тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ бір судья сөгіс алып, екеуі қызметінен босатылған.

«4 судьяға қатысты тәртіптік іс тоқтатылды. Оның 1-і тәртіптік теріс қылық белгілерінің болмауына байланысты, 1-і қылмыстық жауапкершілікке тарту мерзімінің ескіруіне байланысты, 2 судья өз өтініштері бойынша қызметінен босатылды», делінген хабарламада.

Сонымен қатар тағы бір судьяның бұрын қолданылған тәртіптік жазаны мерзімінен бұрын алып тастау туралы өтініші қанағаттандырылмаған.

Бұл шешімдер әлі заңды күшіне енген жоқ, өйткені жазаға тартылған судьялар Жоғарғы Сот Кеңесіне шағымдана алады.