Әлем • 04 Ақпан, 2025

Әзербайжанда лаңкестік әрекет тойтарылды

37 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әзербайжанның солтүстігіндегі Хил, Джибир және Ясаб ауылдарында жерасты қоймаларын жасап, онда қару-жарақ, оқ-дәрі мен жарылғыш заттар сақтаған террористік ұйым қамауға алынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әзербайжанда лаңкестік әрекет тойтарылды

Фото: ашық дереккөз

Жүргізілген іс-шараларының нәтижесінде топ мүшелері бұрын «Ағайынды орманшылар» лаңкестік тобының қызметіне қатысқаны үшін сотталған Гадир Гаджиевпен қылмыстық келісімге келгені анықталды.

Жоғарыда аталған тұлғалар Ғұсар ауданы аумағында террорлық акт жоспарлаған. 

Радикалды топтың бір бөлігі ұсталған кезде қарулы қарсылық көрсетіп, сол себепті қарулы күштер тарапынан жойылғаны хабарланды. Сонымен қатар, топтың алты мүшесі қамауға алынып, оларға Әзербайжан Қылмыстық кодексінің үш бабына сәйкес айып тағылды.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Жылдам хабар алғызған

Руханият • Кеше

Азаматтық ерлік

Ғылым • Кеше

Ұлық ұлыстың алтыны

Жәдігер • Кеше