Медицина • 04 Ақпан, 2025

Қазақстанда қатерлі дерттен қайтыс болатындар саны азайған

61 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 ақпанда бүкіл әлем Дүниежүзілік обырмен күрес күнін атап өтеді. Осы күнге орай Денсаулық сақтау министрлігі маңызды деректерді бөлісті, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда қатерлі дерттен қайтыс болатындар саны азайған

Фото: ДСМ

Министрлік мәліметінше, елімізде жыл сайын 40 мыңға жуық онкологиялық науқас тіркеуге тұрады. Обырдан 12 мыңнан астам адам көз жұмады. 

Қазақстанда сүт безі, колоректалдық, өкпе, асқазан және жатыр мойны обыры кең таралған. 

Былтыр осы кеселге күдікті 230 мыңнан астам пациент динамикалық бақылауда болған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 5,9 пайызға артық.

Десе де өткен жылы қатерлі ісіктің 31, 4 пайызы ерте сатыда анықталып, осы дерттен ажал құшатындар саны 3, 2 пайызға азайған. 

 

Соңғы жаңалықтар

Жылдам хабар алғызған

Руханият • Кеше

Азаматтық ерлік

Ғылым • Кеше

Ұлық ұлыстың алтыны

Жәдігер • Кеше