Президент • 04 Ақпан, 2025

Мемлекет басшысы Түрікменстанның Сыртқы істер министрін қабылдады

254 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Астанаға ресми сапармен келген Түрікменстанның Министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовті қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Түрікменстанның Сыртқы істер министрін қабылдады

Фото: Ақорда

Президент қазақ-түрікмен қарым-қатынастары барлық бағытта достық, тату көршілік және стратегиялық серіктестік рухында дамып келе жатқанына назар аударды.

Сондай-ақ Ашхабад бастамашы болған Бейбітшілік және сенім жылының басталуымен құттықтады. Бұл Түрікменстанның бейтарап саяси ұстанымының 30 жылдығымен қатар келіп отыр.

қабылдау

Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанның бітімгершілік бастамаларының маңызы зор екенін айтып, оны табысты жүзеге асыру үшін Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсетуді жалғастыра беретінін атап өтті.

Екі ел арасында экономикалық байланыстар қарқынды дамып, мемлекеттер мүддесіне сай келетін өзекті мәселелер конструктивті тұрғыдан ілгерілеп келеді.

Өз кезегінде Рашид Мередов Мемлекет басшысына Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедов пен Түрікмен халқының ұлттық көшбасшысы, Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовтің ыстық ықыласын жеткізіп, Екі ел арасында экономикалық байланыстар қарқынды дамып келе жатқанын тілге тиек етті.

Әңгімелесу барысында энергетика, көлік-транзит және мәдени-гуманитарлық салалар бойынша бұған дейін жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың жүзеге асырылу барысы талқыланды.

Соңғы жаңалықтар

Жылдам хабар алғызған

Руханият • Кеше

Азаматтық ерлік

Ғылым • Кеше

Ұлық ұлыстың алтыны

Жәдігер • Кеше