
Фото: polisia.kz
Polisia.kz-тің мәліметінше, ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері бір тәулік ішінде Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында үш есірткі зертханасын жойды.
«Күдіктілер, яғни екі ер адам мен бір әйел ұсталды. Анықталғандай, олар алты ай бойы есірткі өсірумен айналысып, әрқайсысы 50 кг марихуана дайындаған. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Ұсталғандарға 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр», деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.