Жәдігер • 05 Ақпан, 2025

Мөржүзік

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыстық тарихи-өлкетану му­зейінің қорында әр дәуірдің көзіне ай­налған жәдігерлер жеткі­лікті. Олардың бірқатары археоло­гиялық қазба жұмысы кезінде та­былса, ендігі бір бөлігін музейге қала тұрғын­дары арнайы тапсырған. Өлкенің ғана емес, тұтас түркінің тарихынан сыр шер­те­тін құндылықтар қай кезде де жергілікті тұр­ғындарды бейжай қалдырған емес.

Мөржүзік

Керек дерекке жү­гінсек, мөр­жүзік – билік үшін ма­ңызды нышанның бірі бол­ған. Сан түрлі ою-өрнек­пен әдіптелген жә­дігерлердегі бейнелердің әртүрлі мағынасы, мәні бар. Ежелгі түркілердің таным-түсінігенде мөржүзік киелі металл саналатын күмістен жасалады екен. Қасиетті құндылыққа телінген жә­дігердің бірі облыстық та­рихи-өлкетану музейінің қорында сақтаулы тұр.

«Біздің музейде әр ға­сырдың куәсіндей бол­ған құнды жәдігерлер жеткілікті. Тарихи дерекке жүгінсек, мөржүзік байырғы түркілердің танымында аспан металы саналатын күміспен әдіптеледі екен. Мамандардың айтуынша, жәдігерді сақ­тауға арналған арнайы ағаш қорап бар көрі­неді. Олар арқардың мүйі­зінен жасалған деседі. Мөр­жүзіктердің басым көпшілігінде араб тіліндегі сөздер жазылған. Мұның бәрі сол кезеңдегі таным мен тарихтан, діни ұстаным мен дәстүрден сыр шертіп тұр деп пайымдауға болады», дейді облыстық та­рихи-өлкетану музейінің қызметкері Лаура Байтұр­сынова.

Музей маманының айтуынша, қорда сақтаулы тұрған құнды жәдігердің көлемі 3 сантиметрді құ­райды. Пішіні төртбұрыш тәрізді мөржүзік музейге 1974 жылы табысталыпты. Тараз қаласының тұрғындарының бірі жеке жер учаскесін қазып жатқан кезде мөржүзікті тауып алған. Ол жәдігерді өз үйін­де сақтамай, облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорына тапсыруды жөн деп тапқан көрінеді.

 

Тараз