Бокс • 05 Ақпан, 2025

Ешкімнен жеңіліп көрмеген Садриддин Ахмедовтың жаңа қарсыласы анықталды

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

S.O.Q лақап атымен танымал боксшы кезекті жекпе-жегін Лос-Анджелесте өткізеді. Жаңалықты спортшының өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Ешкімнен жеңіліп көрмеген Садриддин Ахмедовтың жаңа қарсыласы анықталды

Фото: olympic.kz

9 сәуірге белгіленген бәсекеде отандасымыз мексикалық Элиас Эспадеске қарсы шаршы алаңға көтеріледі. Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. 

Түркістан облысы Жетісай қаласында дүниеге келген былғары қолғап шебері 2017 жылдан бері кәсіпқой боксқа ауысқан. Осы аралықта 15 жекпе-жек өткізіп, мүлде жеңілмеген. Кейінгі кездесуінде америкалық Рафаэль Игбокведен басым түскен еді. 

Айта кетейік, Садриддин Ахмедов әуесқой бокста 2016 жылы жастар арасында әлем чемпионы атанған. 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Бүгін Жер сағаты акциясы өтеді

Экология • Бүгін, 11:35

Әділ қоғам жауапкершіліктен басталады

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 09:10