Фото: ашық дереккөз
Заң жобасының негізгі новеллалары төмендегідей:
Аз зерттелген учаскелерде жер қойнауын геологиялық зерттеу сатысынан кейін көмірсутектер бойынша барлау кезеңіне басым құқық беру;
Көмірсутектер саласындағы ұлттық компаниялар үшін жер қойнауы учаскелерін басым резервтеу құқығына уақытша шектеу белгілеу;
Өндіру кезеңін ұзарту кезінде инвесторға уранды конверсиялау және байыту бойынша технологияларды оқшаулау немесе беру жөніндегі міндеттемелерді бекіту.
Сонымен қатар, депутаттар уранның барлық перспективалы учаскелері көлемінде барлаудың басым құқығын уран саласындағы ұлттық компанияға беру керектігін ескертті. Осы арқылы қазба байлықтың халық пен мемелекет мүддесіне жұмсалу маңыздылығын атап өтті.
Заң жобасын Парламент депутаттары Еділ Жаңбыршин, Бақтықожа Ізмұхамедов, Самат Мұсабаев, Сүйіндік Алдашев, Абзал Құспан, Темір Қырықбаев әзірледі.