Төтенше жағдай • 05 Ақпан, 2025

Қытайда жер сілкінді

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қытайдың солтүстік-батысында орналасқан Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағы Ақсу уезіндегі Куча қаласында магнитудасы 5,0 балдық жер сілкінісі болды, деп жазады Egemen.kz.

Қытайда жер сілкінді

Фото: ашық дереккөз

Қытайдың сейсмологиялық орталығының мәліметіне сәйкес зілзала бір күнде екі рет болған.

10 шақырым тереңдікте тіркелген зілзала магнитудасы 5 балға дейін жетті. Дүмпу елдің солтүстік-батысындағы бірнеше қалада сезілген. Қазір табиғи апат ауданына Төтенше жағдай қызметінің мамандары мен жедел құтқару жасақтары жөнелтілген.

Зардап шеккендер мен жарақат алғандар туралы мәлімет әлі жарияланған жоқ

Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында көпір құлады

Төтенше жағдай • Кеше