
Фото: Ашық дереккөз
Облыстық прокуратураның хабарлауынша, тексеріс барысында санитарлық норма, өрт қауіпсіздігі, еңбек заңнамасы, сондай-ақ білім беру және медициналық қызмет салаларында бұзушылықтар тіркелген. Нәтижесінде 111 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 19 млн теңгеден астам айыппұл салынған.
Сонымен қатар жекеменшік балабақшамен іс жүзінде балабақшаға бармаған балалар үшін мемлекеттік бюджеттен 6,6 млн теңге заңсыз алынғаны белгілі болды.
«Қылмыстық кодекстің 190-б. 3-б. 1) т. Бойынша қылмыстық іс тіркеліп, тергеп-тексеру қорытындысымен сотқа жолданды. Нәтижесінде балабақша директорына үкім шығарылды: мектепке дейінгі оқыту мен бала тәрбиелеуді ұйымдастыру саласында қызметпен айналысу құқығынан 2 жылға айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу», делінген хабарламада.
Сот үкімі заңды күшіне енді.