Әлем • 06 Ақпан, 2025

АҚШ әуежайында екі ұшақ соқтығысты

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Сиэтл/Такома халықаралық әуежайында Japan Airlines ұшағы Delta Air Lines ұшағымен соқтығысып қалған. Жолаушылар эвакуацияланып, терминалға жеткізілді,  деп хабарлайды Egemen.kz Newsweek басылымына сілтеме жасап.

АҚШ әуежайында екі ұшақ соқтығысты

Фото: x.com/jacqpatton

Федералдық авиация әкімшілігінің хабарлауынша, (FAA) ұшақтар әуе қозғалысын басқару органдары бақылай алмайтын аймақта болған. Оқиғаға байланысты әуежайдағы кейбір рейстер уақытша тоқтатылған.

Delta Air Lines әуе компаниясы соқтығыс кезінде ұшақтың мұздан тазартуға кезекте тұрғанын мәлімдеген. 

Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жексенбіде Техас штатының Хьюстон қаласындағы Джордж Буш халықаралық әуежайында ұшақ өртеніп, Нью-Йоркке ұшатын United Airlines ұшағындағы жолаушылар шұғыл эвакуацияланған болатын.