
Фото: istockphoto.com
«Бұған дейін аса ауыр қылмысы үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған «Ж» 2024 жылдың қараша айында түзеу мекемесінде бола отырып, жаңа қылмыс жасаған. Ол, 112, 103 және 102 шұғыл қызметтеріне қоңырау шалып, №25 орта мектепте және автовокзалда жарылғыш заттардың қойылғаны туралы хабарлама жасап, автовокзалға жедел жәрдем бригадаларын жіберуді талап еткен», делінген Жетісу облысы прокуратурасының хабарламасында.
Объектілерді эвакуациялау және тексеру барысында жарылғыш заттар табылмаған.
Сот азаматты ҚР ҚК-нің 273-бабы (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) бойынша кінәлі деп танып, 2 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
«Алдыңғы үкім бойынша өтелмеген жазаның ішінара қосылуын ескере отырып, соңғы жаза 25 жылға бас бостандығынан айыру болып белгіленді», делінген хабарламада.