Аймақтар • 06 Ақпан, 2025

Хромтауда мәдениет орталығы ашылды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хромтау  қаласында  400 орындық жаңа мәдениет орталығы пайдалануға берілді, деп хабарлайды Egemen.kz

Хромтауда мәдениет орталығы ашылды

2023 жылдың күзінде  бой көтерген жаңа нысан алдағы уақытта ауданның мәдени дамуына тың серпін бермекші.

Облыс әкімі Асхат Шахаров жаңа орталықта өткен Хромтау ауданының 90 жылдығына арналған салтанатты шарада өңір дамуына ерекше үлес қосқан   еңбек адамдарына төсбелгілер мен Алғыс хаттар табыстады. Еңселі ғимаратта  кең сахна, көрермендер залы,  шығармашылық үйірмелерге арналған  бірнеше кабинет жасақталған.

Аудан әкімі Нұрхан Тілеумұратовың айтуынша, жаңа орталықта ашылған вокал, хор,  көркемсаз өнері және актерлік шеберлік үйірмелері  талантты жастардың қабілетін шыңдауға жақсы мүмкіндік береді. Мәдени орталық құрылысын ERG компаниялар тобы  әлеуметтік жауапкершілік аясында іске асырды.