Аймақтар • 07 Ақпан, 2025

ШҚО-да май зауытынан өрт шықты

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданындағы Предгорное ауылындағы май зауыты отқа оранды, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да май зауытынан өрт шықты

Фото: ҚР ТЖМ

ТЖМ мәліметінше, 50 шаршы метр алаңға тараған жалын сөндіріліп, өрт сөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында объектінің негізгі жабдықтары құтқарылып қалған.

«Май зауытының аумағында қабық пен шротты түйіршіктеу цехының қабықты шығару нориямында жанып, түтін 4-ші мен 6-шы қабаттарға тарады. Күнбағыстың қабығы өртенді», делінген хабарламада.

Аталған нысанның қызметкерлері үй-жайдан уақтылы шығып кеткен.