Өткен жылы көлік прокуратурасы жүргізген жұмыстар негізінде 8 миллиардтан аса теңге мемлекеттің қазынасын қайтарылды.
Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында экономиканың басты күрежолы ретінде көлік инфрақұрылымының маңыздылығы айтылып кеткен. Өткен жылы қадағаланатын көлік аймағында заңдылық пен құқық тәртібін күшейту, азаматтардың конституциялық құқықтарын, қоғам мен мемлекет мүдделерін қорғау, көліктегі экологиялық және жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз ету көлік прокуратурасы жұмысының негізгі мақсаттары болды.
Осыған байланысты 2014 жылы әлеуметтік-экономикалық салада заңдылықты қадағалауды іске асыру барысында 389 тексерулер жүргізілді, 40 716 заң бұзушылықтар анықталды, 2 724 прокурорлық қадағалау актілері енгізілді, оның ішінде 1 691 ұсыныстар қаралды, 433 наразылықтар, 40 талап-арыздар және арыздар қанағаттандырылды, 167 ұйғарымдар орындалды, заңға 342 түсіндіру берілді, 51 ескерту жарияланды. Жүргізілген тексерулердің нәтижесінде 37 қылмыстық іс қозғалды. Қадағалау шаралары негізінде 2 608 заңсыз актілер бұзылды және өзгертілді, 2 562 тұлға тәртіптік, 1 988-і әкімшілік, 197-сі материалдық жауапкершілікке тартылды.
Бас прокурордың тапсырмасын орындау бойынша негізгі күш мемлекеттің экономикалық мүддесін қорғауға бағытталды. Келтірілген залалдың орнын өтеу көлемі 8,8 млрд. теңгені құрады, оның ішінде 8 млрд. теңгеден аса мемлекеттің бюджетіне өндірілді, бұл өз кезегінде біздің азаматтарымызға атаулы әлеуметтік көмек жүргізуді қамтамасыз етті.
Кеден саласындағы заңдылықты қадағалау барысында 44 ұсыныстар енгізілді, бұл ұсыныстарды қарау нәтижесінде 37 лауазымды тұлғалар түрлі жауапкершіліктерге тартылды, 14 қылмыстық істер қозғалды, 1,6 млн. теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды. Соттармен 564,4 млн. теңгеден аса сомасындағы контрабандалық заттарды иесіз деп тану және оларды мемлекеттің кірісіне айналдыру туралы 27 талап-арыздар қанағаттандырылды.
Салық заңдылығының сақталуын қадағалау саласында елеулі жетістіктерге жеттік, мұнда прокурорлық ықпал ету актілері бойынша мемлекеттің бюджетіне 6,8 млдр. теңге көлемінде келтірілген нұқсан өндірілді.
Қазақстанды ірі аймақтық транзиттік хабқа айналдыруда көліктік қауіпсіздігін тиісті деңгейде қамтамасыз етпейінше, алға қойған міндеттерді орындау мүмкін емес. Осыны ескере отырып, көліктік оқиғаларды жедел тергеу және кінәлілерді жазалаумен қатар, бас көлік прокуратурасы көліктегі қауіпсіздіктің төмендеуінің себептерін анықтау бойынша нысаналы жұмыстар жүргізуде.
Теміржол көлігіндегі жөндеу және локомотив шаруашылығы кәсіпорындарының қызметіне жүргізілген тексерулер мемлекеттік тіркеусіз, жөндеу мерзімдері өткен, тозған жылжымалы құрамды пайдалану сияқты ағымдағы заңнама талаптары бұзылғандығын растайды. Оған қоса, жөндеу кезінде бұрын қолданыста болған қосалқы бөлшектерді пайдаланған жағдайлары да орын алған. Көлік прокуратурасы органдарының актілері бойынша теміржол жылжымалы құрамның 127 бірліктерін және тексеруден өтпеген өлшеу құралының 70 бірліктерін пайдалану тоқтатылды.
Әуе көлігінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында да елеулі жұмыстар жүргізілді. Мысалы, бұрынғы КжКМ-нің азаматтық авиация комитетіне енгізілген прокуратура актісі негізінде LUK AERO авиакомпаниясын пайдаланушының сертификаты тоқтатылып, кері қайтарып алынды. Азаматтық авиация комитеті пайдаланушы сертификатының арнайы ережесіне енбеген, «JetAirlines» АҚ екі әуе кемелерімен (чартерлік сапарлар) ұшуға рұқсат қағазы заңсыз берілгендігі анықталды, аталған сертификат та кері қайтарып алынды.
Сонымен, Астана, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Өскемен, Көкшетау, Тараз және Шымкент әуежайлары аумағында сәулет және қала құрылысы комитетінің рұқсатынсыз түрлі санаттағы нысандарды орналастыру фактілері анықталды. Біздің хат бойынша Азаматтық авиация комитеті жоғарыда аталған барлық нысандардың ұшу қауіпсіздігі жағдайына нақты ықпалын анықтау мақсатында, зерттеуді жүргізуде.
Тексерілген әуежайлардың қызметінде көптеген санитарлық өрттен сақтану және нормаларының бұзылуы анықталды. Әуе көлігінде арнайы кіру рұқсаты жоқ авиациялық қызметкерлер коммерциялық тасымалдау қызметін көрсеткен. Әуе сапарлары жолсеріктерінің ең аз мөлшері қамтамасыз етілмеген және олардың еңбек және демалыс нормалары бұзылған жағдайлар да кездеседі. Әуе компаниялары әзірлеген ішкі актілер ұлттық заңнамаға қайшы және адамдардың конституциялық құқықтарын елеулі түрде шектейді.
Теміржол және әуе көлігіндегі жолаушылардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғауға бағытталған заңнаманың қолданылуына жүргізілген тексерулер нәтижелері көрсеткендей, қазіргі кезде көлік-коммуникациялық кешені халық мұқтажын толық көлемде қанағаттандыруға қауқарсыз. Бүкіл республика бойынша жолаушыларды таситын вагондардың лайықсыз жабдықталуы қажетті құралдардың жеткіліксіздігін, сонымен қатар, жабдықталатын тауарлар (төсек-орын тысы, перделер, кілем төсеніштері, ыдыс-аяқтар) тозған күйде екендігін көрсетеді.
«Вокзал-Сервис» АҚ теміржол вокзалдарының жағдайы мен жабдықталуы қатаң сынға алынды. Мысалы, 23 вокзалдың ғимараттары мен жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің құрылысы мен күрделі жөндеулері мемлекеттік қабылдау комиссиясының қабылдауынсыз жүргізілгені анықталды. Тексерілген вокзалдардың кейбіреулері ғана көлік инфрақұрылымы нысандарына кедергісіз кіруге, сонымен қатар, мүгедектер құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге лайықты екен. Көптеген вокзалдарда пандустар мүлдем жоқ немесе қойылатын талаптарға сай емес. Мүгедектер және халықтың мүмкіндігі шектеулі топтары үшін арнайы жабдықталған бөлмелер, дәретханалар және т.б. жоқ.
Су көліктерінде жүргізілген тексерулер әлі де болса аталған салада заң бұзушылықтар жол алатынын көрсетті. Апаттар қаупі бұрынғы деңгейде сақталуда, шаруашылық субъектілері жалпы кеме жолы қатынастарының қауіпсіздігіне кері әсерін ететін елеулі заң бұзушылықтарға жол беруде.
Мәселен, Қазақстанның кеме жолы тіркелімінің негізгі жұмысы – өзен кемелерін техникалық куәландыру ақауы бар өлшеу құралдарын пайдаланып жүргізілген, ал бар өлшеу құралдарының бір бөлігі метрологиялық тексеру туралы жасанды сертификаттарды пайдаланған. Бұл орайда ведомстволық бағыныстағы мекемелерге уәкілетті орган тарапынан ешқандай бақылау жоқ екендігі байқалады.
Көліктегі мәселелердің бірі – табиғи ортаға жағымсыз техногенді әсер етуі соның ішінде атмосфераны ластайтын қалдықтардың шығарылуы, топырақтың ластануы және талапқа сай келмейтін тұрмыстық-қатты қалдықтардың орналасуы. Осындай заң бұзушылықтар үшін прокурорлық ықпал ету шараларымен тәртіптік жауапкершілікке 96 лауазымды тұлға, әкімшілік жауапкершілікке 273 тұлға тартылды, мемлекет бюджетіне 358 млн. теңге көлемінде келтірілген залал өндірілді.
Еліміздің Негізгі Заңы кепілдік беретін азаматтардың құқықтарының сақталуын қадағалауға баса көңіл аударылады. Қабылданған шаралар негізінде 29 422 көліктік мекемелері жұмысшыларының конституциялық құқықтары қорғалды, 620 млн. теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешек өтелді.
Бас прокуратураның тапсырмаларына сәйкес, көлік прокурорлары Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын іске асыру және прокурорлық қадағалаудың пәрменділігін одан әрі арттыру бағытында жұмыс жүргізе беретін болады.
Ыбырай ТІЛЕУҒАЛЕЕВ,
бас көлік прокуроры.