Оқиға • 07 Ақпан, 2025

Польша дипломаты қазақ тілінде дәріс оқыды

1032 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

7 ақпан «Даму күні» аясында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының тыңдаушылары мен қызметкерлері Польша Республикасының Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Михал Лабендамен кездесті. Польша дипломаты «Польшаның Еуропалық Одақ құрамында 20 жылдығы» тақырыбында қазақ тілінде дәріс оқыды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Польша дипломаты қазақ тілінде дәріс оқыды

Михал Лабенда 2004 жылдың 1 мамырында Польша Еуропалық Одақтың толыққанды мүшесі болғанын, бұл оқиғаның ел үшін тарихи кезең екенін атап өтті. Осы 20 жыл ішінде Польша халықаралық аренада өз позицияларын нығайтып, азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартып, маңызды инвестициялар тартты.

1

Дипломаттың айтуынша, Еуропалық қорлар инфрақұрылымдық және әлеуметтік жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, бұл елдің және оның астанасы Варшава қаласының келбетінің түбегейлі өзгеруіне әкелді.

Лекцияның мазмұны мен оның қазақ тілінде өтуі тыңдаушыларға үлкен әсер қалдырды. Михал Лабенда қазақ тілін еркін меңгерген. Дипломат тілдің халықтың мәдениеті мен рухын түсінудің негізі екенін айтады.

Дипломаттың қазақ тілі мен мәдениетіне деген қызығушылығы кездейсоқ емес. 1999 жылы ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Шығыстану» мамандығы бойынша үздік бітіріп, дипломдық жұмысын «Араб тілінен қазақ тіліне бағыныңқы құрмалас сөйлемдердің аударма үлгілері» тақырыбында қорғаған.

Қазақ және туған тілінен бөлек, дипломат азербайжан, ағылшын, араб, неміс, орыс, өзбек және француз тілдерін меңгерген.

Кездесу соңында Михал Лабенда тыңдаушылардың сұрақтарына жауап беріп, оларға табыс тіледі. Академияның ректоры Ерлан Әбіл дипломатқа қызықты дәрісі үшін алғыс айтып, алдағы уақытта ынтымақтастыққа үміт білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Атаулы жылдағы ауқымды шаралар

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 09:50

Жаңақорғанда макарон шығады

Өндіріс • Бүгін, 09:35

Дегдар сөз иесі

Жансарай • Бүгін, 09:30