06 Ақпан, 2015

Өлкетануға арналған татымды дүние

245 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
тобыл ойшылыОқырмандар қолына өлке­тану­шы Қуаныш Ормановтың «Ел мен жер және тұлғалар тарихы» атты кітабы тиді. Осы кітаптың ал­ғашқы беттерін парақтағанда-ақ, басқаны былай қойғанда, қос­танайлық оқырман «Қостанай-Торғай өлкесінде метеориттің түсуінен пайда болған көлдің бар екенін, қайың­ның еш жерде жоқ «табантал» деген түрінің, биіктігі 35-40 метрге, діңі 1,5 метрге жететін бал­қа­ра­ғайдың өсетінін, көшпелі құмдар, Торғай даласындағы космостан түсірілген суреттер секілді таби­ғат тамашалары мен тылсымдарын қалай білме­ген­мін?» деп таңғалары анық. Кітап өлкенің табиғатымен шектелмейді. Біздің дәуірімізге дейінгі және жаңа дәуірден бүгінге дейінгі тарихта осы өңір­дің мол үлесі жөнінде нақ­ты деректерді алға тартады. Әлем­ге әйгілі арғы-бергі тарихшы ғалымдардың еңбектеріне сүйене отырып, Торғай даласы мен Тобыл өңірінің Нұқ пайғамбардың Иафес деген ұлы­нан тарайтын ұрпақтарының мекеніне айналғанын жазады. Қостанай қаласы түбінен табыл­ған «Тобыл ойшылы» ата­лып кеткен тас мүсін әлі құпия­сын аша қойған жоқ. Кітап оқыр­манын осындай қызықты танымдық деректермен жетелеп отырады. Автор оқырмандарға Қос­танай-Торғай өңірінен шығып, елге тұтқа болған тұлғалар мен бүгінгі ұрпақ есімдерін естісе де терең білмейтін, тіпті, аты-жөні осы кезге дейін ес­керусіз қалған туған жер түлектері туралы да баяндайды. – Туған елдің, туған жердің тарихы мені жас кезімнен қызық­тыр­ды. Бала кезімде өзім өскен Жіті­­ғара, Қамысты аудан­дарының ой-қырын, кейінгі жыл­дары Торғай өңірін жаяу араладым. Керемет дүниелер Жоғары Тобыл су қой­ма­сының астында қалды, – деп кітап авторы тұсаукесер жиында көптеген қызықты мысалдар келтірді. Кітаптың ғылыми жағы­на тарихшы-жазушы Қой­шығара Салғарин жетекшілік етті. Осы туындының тұсаукесерін ұйым­дастырған облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ж.Мақанов алдағы уақытта бұл ең­бек облыстағы мектептер мен кітап­ханаларға таратылатынын айтты. Нәзира ЖӘРІМБЕТОВА, «Егемен Қазақстан». ҚОСТАНАЙ.