Үкімет • 08 Ақпан, 2025

Өңірдің тыныс-тіршілігімен танысты

233 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Шым­кент­тегі энергиямен қамтамасыз ететін стратегия­лық нысандарды аралап, қаланың активімен «Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту» Ұлттық жос­парын іске асыру бойынша кеңес өткізді.

Өңірдің тыныс-тіршілігімен танысты

Сурет: primeminister.kz

Әкімдіктің мәліметі бойынша, бүгінде 29 км жылу желісі және 330 км электр желісі реконструкцияланды. Қазандықтар жөнделіп, 50 электр трансформаторлары ауыстырылды.

Кеңес барысында тек же­лі­лердің ғана емес, электр подс­тансаларының құрылысы да Ұлттық жобаға енгізілуі ұсы­нылып, мақұлданды. Осы­лайша, Шымкентте 400 км-ден астам ескірген электр желілерін ауыс­тыру және қуаты 125 МВт болатын жаңа «Қызылсу» электр подстансасының құрылысы қарастырылып жатыр.

Вице-премьер әкімшілік-іскерлік орталықтағы қазандық жұмысын тексерді. Қазандық қаланың 10%-ын жылумен және ыстық сумен қамтамасыз етіп отыр. Жергілікті билік 2027 жылға дейін қолданыстағы 5 қазандыққа қоса жалпы қуаты 120 Гкал болатын 4 қазандық орнатуды жос­парлап отыр, бұл қалаға жылу беру көлемін 20%-ға арттырады.

Бұған қоса, Қанат Бозым­баев қаланы 70% жылу және 30% электр энергиямен қам­тамасыз ете­тін өңірдегі жал­ғыз ТЭЦ-3 стан­сасын аралады. ТЭЦ-3-тің қа­лаға дейінгі жылу желісінің жал­пы ұзындығы 60 км-ге жуық, ал оның 90%-ы тоз­ған. Осыған бай­ла­ныс­ты, Ұлттық жобаға осы жы­лу же­­лі­ле­рі­нің 17 шақырымын ре­конструк­циялауға қосу туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар вице-премьер қуаты 40 МВт болатын «Дендропарк» электр подстан­циясының жұмысымен таныс­ты. Әкімдіктің мәліметінше, жоба 2024 жылы «Тарифті инвес­тицияға айырбастау» инвес­тициялық бағдарламасы аясында бюджеттік қаражатсыз іске асы­рылды. Электр подстансасы жаңа тұрғын аудандарды сапа­лы электр энергиясымен қам­та­масыз етуге мүмкіндік береді.  Жалпы, Шымкентте Ұлтт­ық жоба  «Дендропарк» электр подстанса­сының үлгісіне сай бюд­жеттік қаражатсыз жүзеге асады.

Жұмыс сапары барысында Қанат Бозымбаев Шымкент қаласының ТЖД «Көктем-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуымен танысып, Бадам өзеніндегі жаға­лауды қорғау бөгеттерін тексер­ді. Алты елді мекеннен өтетін өзенде арнаны түзету бойын­ша инженерлік құрылыс жұмыс­тары жүргізілген.