06 Ақпан, 2015

Сарыағаштағы ахуал біршама тынышталды

313 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

06-02-15-saryagach-1

АСТАНА. 6 ақпан. Оңтүстік Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Ынтымақ ауылының тұрғандарының арасындағы қақтығыс ырықтандырылып, тыныштық қалпына келтірілді. Бұл туралы ҚазТАГ тілшісі хабарлады. Полицейлер Сарыағаштағы жағдайдың тынышталғанын жеткізіп отыр. «Үш күн бұрын Ынтымақ аулында пышақтан алған жарақаттан салық комитетінің қызметкері қаза тапты. Ол осы ауылдың тұрғындарымен жанжалдасып қалған екен. Қаза табушы жігіттің туыстары оны жерлегеннен кейін, 4 ақпанда түс ауа көшеде өткен жиында бұған айыптыны жазалауды талап ете бастады. Стихиялық жиналысқа қатысқандар шамамен сағат 17.00-те жолай үйлерді, сауда нүктелері мен автомобильдерді өртеуге көшті, қақтығыс кезінде адамдар зардап шектіә, - деді ауыл тұрғындары кешегі бейсенбі күннің кешінде. Басқа да дерек көздерінен белгілі болғандай, Ынтымақ аулына аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері келген, арнайы мақсаттағы күштер мен ЖӘАЖ (СОБР) енгізілген. Электр жарығы мен интернет өшіріліп, ұялы байланыстың жұмысы үзілген. ҚазТАГ агенттігіне Қазақстан ішкі істер министрлігі қоғамдық кеңесінің мүшесі Сейтқазы Матаев мәлім еткендей, «Сарыағаш ауданында шиеленіс орын алды». «Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов бастаған жергілікті билік ауылға келіп, шиеленісті ырықтандыруда жедел шаралар қабылдады, ауыл ақсақалдарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Құқық қорғау органдары тексеру бастады», - деді  Матаев. Астанадан жұма күні түске дейін министрлік басшылығы осы қақтығысқа қатысты ресми түсініктеме береді деп мәлім етті. Құрыш Нұрымбет. Дерек, фото: ҚазТАГ.