
Фото: ашық дереккөз
Жақында сондай мекеменің бірі өңірге белгілі ірі кәсіпорындар тізіміндегі «KAZ Minerals Aktogay» компаниясы күре жолдарды күртік қардан тазартып, қар құрсауында қалған көліктерді шығарып, Ақтоғай кенті маңында қолайсыз жағдайға душар болған жұртшылыққа көмек қолын созды. 5 ақпаннан 6 ақпанға қараған түні облыстық маңызы бар R-129 автомобиль жолында көлік қозғалысын қиындатқан жағдайдан хабардар болған компания қызметкерлері қоластындағы ауыр техникаларды пайдаланып қалың қар басып қалған жолдарды тазартуға кіріскен. Компания қызметкерлерінің елгезектігінің арқасында жолда қалған 15-тен астам жүк көлігі мен бірнеше жеңіл автомобиль қар құрсауынан құтқарылған.
Бұдан бөлек жергілікті атқарушы органдар мен тұрғындардың өтініші бойынша Ақтоғай кентінен республикалық тасжолға қарай 60 шақырымнан астам учаске тазартылған.
Қазіргі уақытта барлық көлік қозғалысы қалпына келтірілді. R-129 трассасы бірнеше елді мекендерді аудан және облыс орталықтарымен байланыстыратын жалғыз жол. Сондықтан трафикті қалпына келтіру және учаскенің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жолды тазарту бойынша жедел шаралар өте маңызды екені анық.