
Фото: ашық дереккөз
Трамп мұны Air Force One бортында журналистермен әңгімелесу барысында мәлімдеді.
Алайда Ақ үй басшысы Путинмен әңгімесінде анық не айтылғанын ашып айтпады.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков болса бұл әңгіменің болғанын не растамады, не жоққа да шығармады.
«Вашингтондағы жаңа әкімшіліктің жұмысына байланысты түрлі байланыстар болып жатыр, олар әртүрлі арналар арқылы жүргізіледі. Сондықтан мен барлық байланыстардан хабардар болмауым мүмкін. Сондықтан бұл ақпаратты растай да, жоққа да шығара алмаймын», деді ол.
Трамп New York Post тілшісімен сұхбатында Путиннің майданда қаза болып жатқан адамдарға бей-жай қарамайтынын айтты.