06 Ақпан, 2015

Шығыс Қазақстанның Ұлан ауданында жұмыс орындары сақталады

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
06 02 - Ulan akimi ӨСКЕМЕН. 6 ақпан. Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында жұмыс орындарын сақтау туралы 18 меморандумға қол қойылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жұмыс орындарын сақтау және жергілікті тұрғындардың әл-ауқатын көтеру – Шығыс Қазақстан облысындағы қалалар мен аудандар әкімдіктерінің негізгі міндеті. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында облыс әкімі Даниал Ахметов жергілікті атқару органдарына осындай тапсырма жүктеді. Өңірдегі әлеуметтік мәселеге алғашқылардың бірі болып Ұлан ауданының әкімдігі ден қойды. Аудан әкімдігінің хабарлауынша, өндірістік үдерістерді тұрақтандыру, еңбек құқығын қамтамасыз ету және жұмыс орнын сақтауға кепілдік беруге ерекше көңіл аударылуда. Ұлан ауданы облысты ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ететін азық-түлік белдеуіне жататын өңір. Сондықтан, бүгінде аудандағы кәсіпорындармен жұмыс орындарын сақтау, жұмысшылардың еңбек құқығын қорғау мәселелері бойынша жүйелі жұмыс атқарылуда. Атап айтқанда, Ұлан ауданы әкімдігі мен 18 кәсіпорын жетекшілері арасында бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, өнім көлемін ұлғайту, жұмыс орындарын сақтау туралы меморандумдарға қол қойылды. Бұл – қандай жағдай болғанда да кәсіпкерлердің өз қызметкерлерін жұмыссыз қалдырмаудың алдын алмақ. Думан Анаш. Дерек: egemen.kz. Сурет: Ұлан ауданы әкімдігі.