02 Мамыр, 2015

Маңғыстауда жол көлік оқиғасынан үш адам қаза тапты

320 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
02.05.2015-avariaАСТАНА. 2 мамыр. Маңғыстау облысында ең ірі жол көлік оқиғасы тіркелді. Апаттың салдарынан екі әйел мен бір жарым жастағы бала қаза тауып, бес адам дене жарақатын алды. Бұл туралы lada.kz хабарлады. Жол көлік оқиғасы Ақтау-Жетібай-Жаңаөзен тас жолының бойында Toyota Land Cruiser мен Hyundai Accent маркалы автокөліктердің соқтығысынан орын алды. Полицейлер Toyota Land Cruiser көлігінің 20 жастағы жүргізушісі қарама-қарсы бағытқа шығып, екінші көлікке соққанын айтты. Айта кетейік, оқиға орнында 40-45 жастағы екі әйел кісі мен бір жарым жастағы бүлдіршін көз жұмды. Ал Hyundai Accent көлігінің жүргізушісі бас миына зақым келіп, түрлі дене жарақатымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Сондай-ақ, осы көлікте болған 55 жастағы әйел аурухананың жан сақтау бөліміне жатқызылса, 2 жастағы балақай ауыр жарақатпен дәрігерлер қарауына жіберілді. Ал Toyota Land Cruiser жүргізушісі жеңіл түрде дене жарақатын алған. Талғат Райымбек. Дерек, сурет: lada.kz.