Аймақтар • 11 Ақпан, 2025

Семейде 12 көше қазақша атауға ие болады

75 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Семейде тарихи тұрғыдан әбден ескірген көше атаулары өзгереді, деп хабарлайды Egemen.kz

Семейде 12 көше қазақша атауға ие болады

фото: welcome.kz

Жақында қоғамдық тыңдау болып, ұсыныс республикалық комиссияға жолданады. Qazaqstan.tv арнасының жазуынша, Семейде әбден ескірген атаулар көп. Мысалы Кренстьянская, Первомайская, Советская, Энгельс сынды көшелер әлі күнге дейін бар.

Енді олардың орнына Құнанбай Өскенбайұлы, Кеңгірбай Жандосұлы, Әнуәрбек Байжанбаев, Жұмат Шанин, Рақымжан Қошқарбаев сынды тұлғалардың аты берілмек.

«Биыл Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына орай, Құнанбай Өскенбайұлына көше атын беру жоспарланып отыр. Қалада 1 200-ге жуық көше бар. Соның едәуірі тарихи тұрғыдан ескірген көшелер. Олар кезең-кезеңімен өзгертіледі», деді Семей қаласы Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының орынбасары Әсел Әбілқасымова.