06 Ақпан, 2015

Атыраудағы «Теңізшевройлды» кеңейту жобасы оңтайланады

273 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
neft16glАТЫРАУ. 6 ақпан. Атырау облысындағы «Теңізшевройл» серіктестігі «Теңіз» кенішінің қуатын арттыруға байланысты жобасы оңтайландырылмақ. Бұл жөнінде Атырау облысына сапары барысында Энергетика министрі Владимир Школьник мәлім етті. «Қазіргі уақытта бағасын төмендету бойынша аталған жобаны оңтайландыру жұмыстары жүргізілуде. Осы жылдың соңына таман аталған жобаны бекітуге шешім қабылдауды, сараптама жасауды қолға алатын боламыз. Жоба рентабельді болуы үшін сатып алу шығындарын азайтып, делдалдарсыз жүзеге асырамыз», – деді В.Школьник. «Теңізшевройл» серіктестігі игеретін «Теңіз» кен орнында келешек кеңею жобасын іске асыруға әзірлік жүргізілуде. Жоба іске асырылған кезде кен орнында мұнай өндіру көлемін жылына 36 миллион тоннаға ұлғайту жоспары бар. Қазір аталған кен орнында 24 миллион тонна шамасында мұнай өндіріледі. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: news.nur.kz.