
Фото: ұлттық музей баспасөз қызметі
Құжатқа Ұлттық музей директоры Берік Әбдіғалиұлы мен Түркі мәдениеті және мұрасы қоры президенті Ақтоты Райымқұлова қол қойды.
Меморандумның мақсаты – мекемелер арасындағы серіктестік байланыстарын қолдау мен дамытуға ықпал ету.
Оған Түркі әлемінің материалды-рухани құндылықтарын сақтау және насихаттау саласында түрлі жобаларды жүзеге асыру, сонымен қатар музей ісі саласында ынтымақтастық орнату туралы бөлімдері енді.