Аймақтар • 12 Ақпан, 2025

Абай облысында жемқорлыққа қарсы жастармен кездесу өтті

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Абай облысы бойынша департаментінің бастамасымен Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжінің алаңында TEDx форматында «Заң мен Тәртіп жемқорлыққа қарсы» тақырыбында жастармен кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай облысында жемқорлыққа қарсы жастармен кездесу өтті

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің және Абай облысы әкімдігінің басшылығы, колледж студенттері, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы еріктілер қатысты.

Спикерлер сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және әділ қоғамды қалыптастыру ісіндегі жастардың рөлі туралы егжей-тегжейлі түсіндірді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді әдістерімен бөлісті.

Сонымен қатар, іс-шарада сұрақ-жауап сессиясы, сондай-ақ студенттер өз идеяларын ұсынған ашық пікірталас ұйымдастырылды.Мемлекеттік органдардың өкілдері  «Заң мен Тәртіп» қағидатын сақтаудың маңыздылығын атап өтті, ал сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтерлер табысты бастамалар мен қол жеткізілген нәтижелердің мысалдарын келтіре отырып, жемқорлыққа қарсы волонтерліктің рөлі туралы баяндады. Колледж студенттері жастардың құқықтық тәртіпке негізделген қоғам құруға қалай үлес қоса алатыны туралы өз пікірлерімен бөлісті.

Кездесу жастардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігін қалыптастырудағы маңызды қадам болды. «Заң мен Тәртіп жемқорлыққа қарсы» атты TEDx ашық диалог пен жастарды тарту әділ қоғам құруда қуатты құрал бола алатынын көрсетті.