07 Ақпан, 2015

Қостанайда жаңа технологиялары көрмесі өтті

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
information_items_41543[1]ҚОСТАНАЙ. 7 қаңтар. Қостанайда энергия үнемдеу саласындағы жаңа технологиялар көрмесі өтті. Онда жергілікті компаниялармен қатар, Қазақстанның өзге қалаларынан, Ресейден келген кәсіпорындар шаруашылықтың түрлі салаларында қолдануға болатын өнімдерін көпшілік назарына ұсынды. Бұл туралы alau.kz хабарлады. Қазір энергия үнемдеу – еліміздегі стратегиялық маңызы бар міндеттердің бірі. Сондықтан, мұндай көрменің берері көп екені сөзсіз. Ұсынылған өнімдерді көру үшін көрмеге кәсіпкерлер мен коммуналдық кәсіпорындар басшылары келді. Көпшілік назарын аударған өнімдер аз болған жоқ. Мысалы Қарағандыдағы «ISO PLUS ЦЕНТРАЛЬНАЯ АЗИЯ» компаниясының жылу бөлетін инновациялық құбырын қызықтағандар көп болды. Ол ұзақ мерзімге жылу сақтайды, сондықтан энергия да үнемделеді. Қостанайдағы «Казгеобел -1» компаниясы Қазақстанда инфрақұрылымды дамытуға белсене қатысып жүр. Олар энергияны тиімді пайдалану бағытындағы инновациялық өнімін көрсетті. Оның өнімін Батыс Еуропа – Батыс Қытай бағытындағы жол құрылысына алады. Компания менеджерінің айтуына қарағанда, сарапшылар бекіткендей, олар шығарған геосинтетика өнімін пайдаланған жолдар әдеттегіден 2 есе беріктік танытады. Қостанай облысындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашыылғында энергия үнемдеу технологиясы бірнеше жылдан бері енгізіліп келеді. Бұл жөнінен Лисаков қаласы көш бастайды. Мұнда бірнеше «ақылды үй», «ақылды мектеп» жобалары жүзеге асқан. «Лисаковскгоркоммуноэнерго» кәсіпорнының директоры: «Энергия үнемдеу технологиясының тиімділігі бірден-ақ білінеді, бірақ оның өзін өзі ақтауына кемінде бес жыл уақыт керек», деді. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: alau.kz. information_items_41540[1] information_items_41546[1]