Білім • 13 Ақпан, 2025

Инклюзивті білім беретін маман тапшы - депутат

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенаты депутаты Бибігүл Жексенбай депутаттық сауалында Қазақстанда инклюзивті білім беруге қол жеткізудің қиындығы мен сапасындағы мәселелерді айтты. Оның айтуынша, ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар саны көбейіп бара жатқандықтан оларды қолдау жөніндегі қолданыстағы ескі ережелерді қайта қарау керек, деп хабарлайды Egemen.kz.

Инклюзивті білім беретін маман тапшы - депутат

Фото: baq.kz

Депутаттың пікірінше, соңғы 10 жылда мүгедектігі бар балалар саны 40%-ға өсті, ал мемлекеттің бұл балаларға арналған жәрдемақы шығындары 50 еседен астам ұлғайған. Алайда, бұл ретте мамандандырылған мекемелерді қамтамасыз ету, білікті кадрлардың тапшылығы және уақтылы диагностика жасау кезінде ескеретін елеулі мәселелер бар.

«Статистикалық көрсеткіштер алшақтығы – бұл бағыттағы жүйелі жұмысты дұрыс жоспарлауға кедергі келтіреді.  Инклюзивті білім беру мамандарының жетіспеушілігі – логопед, сурдо, олиго, тифлопедагогтар өңірлер тұрмақ, Астана мен Алматы да өткір сезіледі. Баласына шипа іздеген ата-аналар бүкіл республикадан осы екі шаһарға ағылады. Бұл қалаларда да мамандарды 3 айға дейін күтеді, ал кейбір жағдайларда күту уақыты бір жылға дейін жетуі мүмкін. Жалпы республика бойынша мүгедектігі бар балалардың шамамен 15%-ы мектепке дейінгі және мектептегі білім беру саласындағы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз етілмеген», деді Бибігүл Жексенбай.

Бибігүл Жексенбай осы мәселелерді шешу үшін мүгедектігі бар адамдар бойынша деректерді есепке алуды автоматтандыруды, ерте диагностика жасауды енгізуді, маман даярлауды ұлғайтуды және отбасыларды әлеуметтік қолдаудың қосымша шараларын әзірлеуді ұсынды.

Соңғы жаңалықтар

Елшіл қайраткерге құрмет

Қоғам • Бүгін, 10:30

«Аллажар» – замана аманаты

Қоғам • Бүгін, 10:10

Отандық өнім, озық технология

Экономика • Бүгін, 09:55

Жанға жайлы Жанұзақ

Аймақтар • Бүгін, 09:50

Шаруақор Шарбақты

Аймақтар • Бүгін, 09:45

Автоөнеркәсіп өрісі

Экономика • Бүгін, 09:40

Алаш қаласы қайда?

Тарих • Бүгін, 09:32

Жас буынға тарту

Қоғам • Бүгін, 09:30

Татулықты тұғырлаған белес

Қоғам • Бүгін, 09:25

Саламатты жастар жобасы

Жоба • Бүгін, 09:20

Игілікті еселеген инвестиция

Экономика • Бүгін, 09:15