07 Ақпан, 2015

Қазақстанның Әскери-әуе күштері

860 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Су30СМ-1жаңа Су-30 СМ жоғары маневрлі жойғыш ұшақтарымен толықты Қазақстан Қарулы Күштерді Әуе қорғанысы күштерінің (ӘҚК) бас қолбасшысы, авиация генерал-майоры Нұрлан Орманбетов жоспарлы жұмыс сапарымен Иркутск қаласына барды. Сапары барысында Н.Орманбетов Иркутск авиа­ция зауытында болды. Зауытта ол Иркутск авиа­құры­лысшыларының түрлі үлгідегі ұшақтарының өндірісімен танысып, бірқатар пайдалы кездесулер өткізді. ҰҚШҰ және ӘШҚҚ БРС шеңберінде Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық тақырыбы талқыланды. Иркутск авиациялық кәсіпорнына жаңа авиациялық техниканы теория жүзінде меңгеру мақсатында ҚР ҚК ӘӘК авиация бөлімдерінің ұшқыштары мен инженерлік-техникалық құрамы келді. Олар бір ай бойы ресейлік әріптестерден жаңа техниканың қыр-сырын үйренетін болады. «Су-30 СМ ұшағы – бірегей, жоғары маневрлі жойғыш ұшақ. Оның қозғалтқышында басқарылатын тарту векторы бар. Авиация мамандары Қазақстан Әскери-әуе күштерінің ұшқыштары мен инженерлік-техникалық құрамын қысқа мерзім ішінде даярлықтан өткізеді», – деді Иркутск авиация зауытының бас директоры Алексей Вепрев. «Еліміздің Президенті – Қарулы Күштеріміздің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатының арқасында бүгінгі таңда жауынгерлік авиацияны қару-жарақ пен әскери техниканың заманауи түрлерімен қайта жарақтандыру мүмкіндігі бар. Аталған көп функциялы ұшақ Әуе қорғанысы күштерінің жауынгерлік мүмкіндігін айтарлықтай арт­тыратыны анық. Сонымен қатар, ұшақтың техни­к­алық ерекшеліктері ұшқыштардың жауынгерлік даярлығының жоғары деңгейін қамтамасыз етеді», – деді Н. Орманбетов. Естеріңізге сала кетсек, жақын арада еліміздің  Әскери-әуе күштерінің қатары 4++ буынына жататын жаңа жоғары маневрлі Су-30 СМ жойғыш ұшақтарымен толықты. Бұл – Қазақстанның әуе шекарасы күзетінің сенімділігін арттыра түседі.  Қазақстан армиясы жылдан жылға нығайып, әскерлерге қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілері келіп түсуде, әскери кадрлардың кәсіби біліктілігі артып келеді. «Егемен ақпарат».