07 Ақпан, 2015

Ырыс алды – ынтымақ

2441 рет
көрсетілді
19 мин
оқу үшін
ЭМБЛЕМА ГОДА Кеше Астанада, еліміздің өзге де өңірлерінде, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылуына арналған салтанатты рәсім болып өтті

Қазақстан Президенті – Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ресми басталуына арналған құттықтау сөзі

 Қымбатты отандастар, құрметті қазақстандықтар! Бүгін елімізде менің Жарлығыммен жарияланған Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы ресми ашылып, басталады. Жыл ең басты ортақ құндылықтарымыз – Тәуелсіздігімізді, егемендігімізді, бірлігімізді, Қазақстан халқының бейбітшілігі мен келісімін сақтауға арналады. Осыдан 20 жыл бұрын, 1995 жылдың 1 наурызында біздің қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді сақтауға арналған бірегей инс­титут – Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа қол қойдым. Осы уақыт аралығында Ассамблея шынайы түрде жалпыхалықтық, азаматтық, саяси мүдделерден жоғары тұрған ұйым ретінде танылды, конституциялық мәртебеге ие болды. Бүгінгі таңда Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын маңызды құрылымға айналды. Сондықтан Ассамблея жылы – 17 миллион қазақстандықтардың ортақ мерекесі. Еліміздің әрбір азаматы атамекеніміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтауға жауапты екенін айқын сезінуі керек. Бұл – Қазақстан болашағының негізі. Ассамблея жылы «Қазақстан-2050» Стратегиясының мақсаттарына жетудің нақты істері мен жаңа жетістіктері жылы болады. Біз «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» деп аталатын Жаңа Экономикалық Саясаттың негізгі міндеттерін іске асыруға кірістік. Ассамблея жылы Конституцияның 20 жылдығы, Қазақ хандығының 550 жылдығы және Ұлы Жеңістің 70 жылдығы сияқты маңызды оқиғаларға толы. Бұл жыл – ортақ тарих пен тағдыр мәңгілікке біріктірген халқымыздың бірлігін паш ететін жыл. Қазақстан – бұл біртұтас жер, біртұтас халық, ортақ болашақ! Сондықтан, Ассамблея жылының басты идеясы – «Менің Елім – Мәңгілік Ел!». Мен барлық қазақстандықтарды Ассамблея жылының басталуы­мен құттықтаймын! Егемендік, бірлік және келісім рухы болашаққа деген сенімімізді арттырып, күш-қуатымызды еселесін! Біз – тағдыры ортақ, бірлігі жарасқан біртұтас елміз! Біздің қазақстандық жол – бейбітшілік, келісім және даму жолы! ERA_ (3) Биыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы. Себебі, өткен жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланған еді. Сондықтан, халықтық сипатқа ие бұл шара жыл бойы еліміздің жер-жерінде айрықша мәнде аталып өтпек. ERA_4693Кеше ҚХА жылының ашылуына арналған салтанатты рәсім Бейбітшілік және келісім сарайында ұйымдастырылды. Оған Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова, ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Ералы Тоғжанов, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков, Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин, Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, танымал қоғам қайраткерлері, зиялы қауым, этномәдени бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, танымал спортшылар мен жастар қатысты. Салтанатты шара басталмас бұрын Бей­бітшілік және келісім сарайының алдында «Жастар қоғамдық келісімді қолдайды» тақы­рыбында флеш-моб, ал флеш-моб аяқталғаннан кейін Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының Туын көтеру рәсімі өтті. Туды алаңға Олимпиада чемпиондары Ольга Шишигина мен Ермахан Ыбырайымов, екі дүркін әлем чемпионы және екі дүркін Азия чемпионы Юрий Мельниченко, былғары қолғап шебері Ілияс Сүлейменов, қазақ күресінен әлемнің үш дүркін чемпионы, 2013 жылдың «Қазақстан барысы» Айбек Нұғымаров алып шығып, оны Ассамблея ардагерлері – Оралбай Әбдікәрімов пен Олег Дымовқа табыс етті. Ал Ассамблея ар­дагерлері ҚХА жылының Туын көтеру рә­сімін орындаған соң, қатысушылар назары­на этномәдени бірлестіктердің қолөнер шебер­лерінің дүниелері қойылған «Халық мұрасы» көрме-жәрмеңкесі ұсынылды. Бұдан кейін салттанатты рәсім Бейбітшілік және келісім сарайының Опера залында жалғасты. Алғашқы болып сөз алған Мем­ле­кет­тік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова биылғы жыл Қа­зақстан тарихында айрықша мәні мен маңыз­ға ие мерейтойлар жылы болып қалаты­нын жә­не бұл жыл Қазақ елінің бірлігі мен ынты­ма­ғын айқындайтын белесті кезең екенін атап өтті. Өткен жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жар­лы­ғымен «2015 жыл – Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы» деп жария­ланған еді. Осыған орай, арнайы ұлт­тық жоспар қабылданды. Қазіргі кезде еліміздің барлық өңірінде, елордамыз Астанада осы жылға байланыс­ты, ұлттар арасындағы достықты, бір­лік­ті, болашаққа деген сенімді паш ете­тін үлкен іс-шаралар басталып кетті, деді Мемлекеттік хатшы. Осылай дей келе, Гүлшара Наушақызы Ассамблея жы­лының ашылуына байланысты Қазақ­стан Президенті, Қазақстан халқы Ассам­блеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назар­баевтың құттықтау сөзін оқып берді. Мемлекеттік хатшының сө­зі­нен кейін «ҚХА – 20 ізгі іс» ат­ты эстафетаның символы – Тай­қазанды Астана қаласының әкі­міне тапсыру рәсімі өтті. Қасиетті Тайқазанның көшірмесі 1 ақпан күні Түркістандағы Қожа-Ахмет Ясауи кесенесінен жеткізілген еді. Елордаға әкелінген бұл символ алдағы уақытта еліміздің барлық өңірлеріне жіберіліп, Қазақстан халқы Ассамблеясының XXII сессиясының ашылуы қарсаңында қайтадан Астанаға оралатын болады. Осынау рәсімнен кейін сөз алған ҚХА Төрағасының орын­басары Ералы Тоғжанов пен Астана қаласының әкімі Әділ­бек Жақсыбеков Ассамблея жылының қоғам өмірінде алатын орнына тоқталып өтті. Мәсе­лен, Ералы Тоғжанов: «Елба­сы 2015 жылды Қазақстан хал­қы Ассамблеясының жылы» деп бекер жариялаған жоқ. Себе­бі, ҚХА – бірліктің, елдік­тің, тұрақтылықтың белгі­сі. Сондықтан, әрбір Қазақ­стан аза­матының тікелей атсалы­суы­ның арқасында ғана біздің бірлігіміз одан әрі нығая түседі. Сіздердің алдарыңызға қасиетті Тайқазан келді. Оны біздің бір топ делегация өкілдері Түркістан қаласынан осыдан 4 күн бұрын алып келген еді. Тайқазан – қиын-қыстау кезеңде елдің басын біріктіруге сеп болған қасиетті мұра», дей келе, ҚХА жылының ашылуымен барша қазақстандықты құттықтады. Ал Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков те Мем­лекет басшысының Жарлығы негізінде құрылған Ассамблея бүгінде қоғам үшін маңызды жұмыстарды атқарып келе жат­қанын тілге тиек етті. Халқымызда «Ынтымақты елдің ырысы мол» деген дана сөз бар. Бүгінде біз келісім мен бірліктің, татулық пен ынтымақтың арқасында әлем мойындайтын елге айналдық. Демек, бұл біз үшін ерекше мерейтой. Біз «ҚХА – 20 ізгі іс» эстафетасын бастап отырмыз. Бұл эстафетаның символы – Тайқазан. Алдағы уақытта біз осы эстафетаның аясында және Ассамблеяға қолдау көрсету мақсатында 20 маңызды іс-шараны атқаратын боламыз. Бүгін біз келісім мен бірліктің мекені – Астанадан басталған эстафетаны Ақмола облысына, оның әкімі Сергей Кулагинге тапсырамыз, деді Ә. Жақсыбеков. ERA_4882 Астана қаласының әкімінен эстафетаны қабылдап алған Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин: «Бұл – біз үшін ерекше күн. Қазақстан – посткеңестік кеңістіктегі этностардың бірлігі мен татулығын паш еткен бірден-бір ел. Ал қазіргі таңда айналамызда елдердің көбісінде жағдай күрделі болып тұр. Сондықтан, мұндай қоғамдық институттың рөлі қашанда маңызды. Елбасы конституциялық мәртебеге ие осындай институтты этносаралық татулықты қамтамасыз ету мақсатында құрды. Бұл – бәріміз мақтан етуге тиіс құрылым. Сондықтан, ҚХА жылының 20 жылдығы біз үшін ерекше мерейтой. Біздің мемлекетіміз өзі айқындаған жолдан адаспай, елдің татулығы мен бірлігі жолында одан әрі дами береді деп сенеміз», деді. Бейбітшілік және келісім сарайының Опера залында өт­кен мерейтойлық шара кезінде, сондай-ақ, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылы аясында ұйымдастырылатын 9 түрлі республикалық байқаулардың бас­талғаны жарияланды. Олар: «Тарихтан – тағылым, өткен­ге – тағзым», «Мың бала», «Арман­даған мамандық», «Жүрек­тен жүрекке», «Мейірім­діліктен бірлікке», «Ұлт рухы», «Шаңырақ» секілді тақы­рыптар аясында өтпек. Бұл кон­курстардың қорытындысы осы жылдың желтоқсан айында ұйымдастырылатын Қазақстан халқы Ассамблеясының форумында шығарылатын болады. Ләйла Еділқызы, Жолдыбай Базар, «Егемен Қазақстан». *Оқиғаға орайлас ой

Ассамблея елдік мүддеге қызмет етуде

ERA_4302Камал БҰРХАНОВ, Парламент Мә­жілісінің депутаты. Қазақстан халқы Ас­самблеясы – Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаевтың туындысы. Сонау 1995 жылы құрылған бұл ұйымның мойнында үлкен жауапкершілік бар. Ол өз қызметін бастағалы бері ел игілігі жолында көптеген шараларды жүзеге асырды. Бәрінен де, Қазақстандағы өзге ұлт өкілдерінің басты кісілеріне елдік мүддеге қызмет етуге мүмкіндік берді, сондай-ақ, оларды бір мақсатқа жұмылдыра білді. Ынтымақ-бірлігі жарасқан еліміздің өркендеуіне Ассамблеяның қосып отырған үлесі зор. Соның айғағы ретінде мемлекетімізде ұлтаралық келісім мен тыныштықтың сақталып отырғанын айтар едім. Ассамблеяның басшысы, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында, сондай-ақ, осы институттың сауатты іс-әрекеттерінің ықпалымен қо­ғамымызда қалыптасқан тату­лықты Қазақстанның ең басты құн­дылықтарының бірі деп санаймын. Оны біз көзіміздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Қазіргі әлемде түрлі қақтығыстар мен  келеңсіз оқиғалар орын алуда. Олардың атын атап, түсін түстемей-ақ қояйын. Міне, сондай жағдайлар бізден аулақ тұр. Бұған тоқмейілсімей, бірлігімізді одан әрі нығайта бергеніміз жөн. Ынтымағы жоқ елде береке болмайтынын айтып жатудың өзі артық. Сондықтан, мемлекетіміздің ішкі бірлігі үшін атқарылып жатқан әрбір шара біз үшін маңызды.

 Қазақстан – бірлігі жарасқан ел

 ERA_5209Мухаммад

Фарук БАРАКИ, Ауғанстан Ислам Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі. Менің бұл елге деген көз­қара­сым өте жақ­сы. Мемлекеттің ішкі тату­лығы талайға үлгі. Қазақстанда жарасым­ды істер өте көп. Мұның барлығы Президент Нұр­сұлтан Назарбаевтың бастамасымен, ұйымдастыруымен жү­зеге асырылып жатқанын біле­мін. Жалпы, ынтымағын бәрінен жоғары қойған мемлекет ешқашан ұтылмайды. Жеңіс те, жеміс те сол елден кетпейді. Қазақстандықтар мұны жақсы түсінеді деп ойлаймын. Ел Президенті осыдан 20 жыл бұрын құрған Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінде үлкен қошеметке ие болып отыр. Бұдан біз жақсылықтың нышанын көреміз. Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының ашылу салтанаты жоғары деңгейде өтті. Маған қатты ұнады. Ел ағаларының бірлікке шақырған сөздері құлағыма жылы тиді. Әсіресе, шара барысында халықтың аталған құрылымға деген ықыласына тәнті болдым. Бұл Ассамблеяның Қазақстан үшін берері әлі алда. Мен соны ұқтым. Өйткені, татулықты ту еткен ұйым қашанда өміршең келеді.

Ынтымақты елдің ырысы ортаймайды

ERA_4282Хасан ШАРИПОВ, Астана қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы өзбек этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған Қа­зақстан халқы Ассам­блеясының нәтижелі жұмыстарына куә болып келеміз. Осы құрылымның қоғамымызда татулық пен бірліктің берік орнауына сүбелі үлес қосып отырғанын ешкім жоққа шығара алмайды. Бұл – Президенттің жүргізіп келе жатқан сарабдал саясатының жарқын көрінісі. Мұның барлығы түптеп келгенде, ел бірлігін нығайтып, ертеңгі күнге сеніммен қадам басу мақсатындағы ауқымды істер. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 20 жыл толады. Осының кұрметіне орай тұтастай бір жыл Қазақстан халқы Ассамблеясына арналып отыр. Түсінген жанға бұл тек аталған институтқа ғана емес, бүкіл елімізге, оның ынтымағы мен бірлігі жарасқан халқына деген шынайы құрмет. Мұны әрбір қазақстандық азамат терең ұғынуы керек. Елордадағы Өзбек этномәдени бірлестігі еліміздегі ұлтаралық келісімнің нығая түсуіне бар мүмкіндігінше қолдау білдіре береді. Бұл – біз үшін абыройлы міндет. Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы құтты болсын, ағайын!

Ең бастысы – ұлтаралық келісім

ERA_4333Атсалим ИДИГОВ, чешен ұлтының өкілі, Алматы облыстық «Огни Алатау» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі бас болып құрған Қазақстан халқы Ассамблеясының атақ-даңқы қазіргі таңда еліміздің аумағынан асып, әлемге танылды. Бұл – біз үшін үлкен мақтаныш. Аталған қоғамдық институттың бағыт-бағдарына, алға қойып отырған мақсатына талайлар қызығып қарайды. Әлем елдері арасында заман талабына орай өз қызметін ұқыпты атқарып келе жатқан біздің Ассамблеядан үлгі алғысы келетіндер жеткілікті. Бұдан біз Президентіміздің ұстанған саясатының дұрыстығын анық аңғарамыз. Ортақ шаңырағымыз – Қазақстанда өмір сүру қолайлы. Бұған көптеген мысалдар келтіруге болады. Әсіресе, елімізде  жасап жатқан түрлі этностардың тілін, ділін, мәдениетін, салт-дәстүрін құрметтеп қана қоймай, оларды дамытуға бағытталған жұмыстар көңіл толқытады. Ел мен жердің иесі – қазақтың ата-бабалары кездескен қиындықтардың барлығын жеңе отырып, кейінгіге көптеген игіліктерді мұраға қалдырды. Енді біз кешегілер аманатқа қалдырған осы құндылықтарды келер ұрпақтың қолына шашпай-төкпей тапсыруымыз керек. Осынау қасиетті парызды орындауымыз үшін бізде ең бастысы ауызбіршіліктің болғаны жөн. Онсыз ешқандай нәтижеге жете алмаймыз.

Елбасына алғысымыз мол

ERA_4326Тамара ШИРМЕР, Астана қаласындағы «Оберег» украин этномәдени бірлестігінің жетекшісі. Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысын қалай айтсаң да жарасады. Оның аясында «Оберег» украин этномәдени бірлестігі де көптеген игі істердің ұйытқысы болып жүр. Біз түрлі мәдени-рухани, қайырымдылық шараларын өткізуде ешкімнен кенде қалған емеспіз. Мұның бәрі Қазақстанның дамуына, алға жылжуына аз да болса өз үлесімізді қоссақ деген ыстық ықыластан туындайтынын айтқым келеді. Біз бірлігі мығым, халқының тұрмысы жақсы, бейбітшілікті ту еткен Отанымыз – Қазақстанда өмір сүріп жатқанымызды мақтан етеміз. Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа, қазақ халқына алғысымыз шексіз. Осындай мемлекеттің азаматы болу – біз үшін тағдырдың сыйы. Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуеті арта берсін. Ынтымақ үшін, бірлік үшін жасалған әрбір қадамымыз жемісті болғай! Қысқасы, бірлік, татулық – қасиетті ұғымдар. Оны қастерлей білуіміз керек. Қазақ «Бірлік, бірлік түбі – тірлік» деп тегіннен-тегін айтпаған. Мұны ұққан – ірілік.

 Біз – тура жолдамыз

ERA_4328Иван САУЭР, «Родина» ЖШС агрофирмасының бас директоры. Еліміздің бүгінгі тыныс-тіршілігіне қарап отырып, Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың көрсетуімен тура жолда келе жатқанымызды білеміз. Мұны бәрі де мойындайды. Бұл біздің мақтаныш сезімімізді тудырады. Отанымызда қолға алынған, жүзеге асқан ірі жобалар мол. Солардың арасында мен үшін Қазақстан халқы Ассамблеясының орны бөлек. Осы құрылымның ел өміріндегі орны халық тарапынан оң бағасын алуда. Бұған қоса айтарым, 2015 жыл Ассамблея жылы деп жарияланды. Меніңше,  бұл жыл ел тарихында алтын әріппен жазылып қалады. Бұған қосарым, Ассамблея біздің қоғамымызда жоғары маңызға ие. Өйткені, ол ел бірлігін нығайту мақсатында құрылған. Аталған институттың қандай жұмыс атқарып отырғанын халық біледі. Сондықтан да ол қоғамымызда жоғары бағалануда. Қазақстандағы татулық пен бірлікке қызыға қарайтындар көп. Бұл, әрине, біздің үлкен жетістігіміз. Әлемде болып жатқан түрлі оқиғаларға қарап, еліміздегі мамыражай тіршілікке разы боласың. Осы орайда Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

Бірлігіміз – болашағымыздың кепілі

ERA_5217Елена МАЩИНСКАЯ, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, чуваш этномәдени бірлестігінің төрайымы. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдың ішінде атқарған шаруасын бірер сөзге сыйдырып айту мүмкін емес. Ұйымның барлық күші, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуы бойынша, ел ынтымағын сақтауға жұмылдырылды. Нәтижесін қазір көріп отырмыз. Біздің Қазақстан – өз жолын дұрыс таңдаған ел. Осы бағыттан айнымасақ, әлі талай белестерден өтеміз. Мемлекетімізде орныққан ұлтаралық келісімді одан әрі нығайта түсуге ықпал ететін тетіктер көп. Олардың барлығы да жоғары мәнге ие. Солардың арасында Ассамблеяның жөні басқа. Бұл институттың негізін қалаған Елбасы екені даусыз. Мен Президенттің бұл сауатты бастамасын жоғары бағалаймын. Өз елінің келешегі үшін жаны ауыратын адам ғана осындай ізгі ниетті, ауқымды істерді жолға қояды. Еліміз жасай берсін! Қолымыздағы барымызды бағалап, ынтымағымыздың қадірін біліп жүрейік. Бірлігіміз – жарқын болашағымыздың кепілі. Ассамблея жылымен барша қазақстандықтарды құттықтаймын. Барша қазақстандықты Ассамблея жылын табысты өткізу үшін үлес қосуға шақырамын. Суреттерді түсірген Ерлан Омаров, «Егемен Қазақстан».