Фото: azattyq-ruhy.kz
«ҚазАвтоЖол» мәліметінше, Солтүстік Қазақстан облысындағы «Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолының 794-946 шақырым аралығы (Бескөл ауылы - Сергеевка қаласы);
«Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» автожолының 729-856 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы - Қостанай облысының шекарасы);
«Мамлютка-Қостанай» автожолының 0-180 шақырым аралығы (Мамлютка қаласы - Қостанай облысының шекарасы);
«Волошинка-Сергеевка-Тимирязево» автожолының 58-119 шақырым аралығы (Тимирязево ауылы - KАZ13 жолы);
«Тимирязево-Сарыкөл-облыс шекарасы» автожолының 0-32 шақырым аралығындағы (Қостанай облысының шекарасы - Тимирязево ауылы) жолдар жабық.
Ал Ақмола облысындағы «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» автожолының 856-915 шақырым аралығында (СҚО шекарасы-Жақсы ауылы) көлік қозғалысы шектеліп отыр.
Қостанай облысындағы «Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы» автожолының 683-729 шақырым аралығы (Сарыкөл ауылы - СҚО шекарасы) мен «Мамлютка-Қостанай» автожолының 180-250 шақырым аралығы жабық (СҚО шекарасы - Ұзынкөл ауылы).
Жол учаскелерін 18 ақпан 9:00-де ашу жоспарланған.