
Фото: visitaktobe.kz
Бұл көрсеткіш 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есе көп.
Қонақ үй мен басқа да орналастыру орындарына Ресей Федерациясынан келген туристер көбірек тоқтаған. Яғни, 2024 жылдың тоғыз айында елімізге Ресейден 307 756 адам келген. Кейінгі сатыға Қытай (127 059 адам) азаматтары жайғасса, үздік үштікті Үндістан (91 148 адам) туристері түйіндеді.
Алғашқы ондықта Түркия (47 590), АҚШ (35 628), Өзбекстан (29 082), Германия (24 672), Оңтүстік Корея (20 950), БАӘ (17 557) және Италия (13 411) мемлекеттері бар.