
Фото: zhaikpress.kz
Көшенің жабылған бөлігінде инфрақұрылымды жақсартып, жаяу жүргіншілер үшін қауіпсіз, қолайлы жағдай жасалмақ. Сонымен қатар, Қонаев көшесіндегі «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының жанындағы жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін реконструкциялау жоспарланған.
Осыған байланысты, осы жылдың 19 ақпанынан 30 қазанына дейін Қонаев көшесінің Қабанбай батыр даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі жол бөлігі жабылады.
«Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы іргелес Достық және Сарайшық көшелерімен қамтамасыз етіледі. Елорда тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», делінген әкімдік хабарламасында.