Үкімет • 18 Ақпан, 2025

Үздіксіз білім дамудың кепілі - әкімдердің біліктілігін арттыру басталды

118 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Әкімдер мектебі» Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында, оның облыстардағы және республикалық маңызы бар қалалардағы филиалдары арқылы іске асырылады, деп жазады Egemen.kz.

Үздіксіз білім дамудың кепілі - әкімдердің  біліктілігін арттыру басталды

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Оқыту жобасы экономика, мемлекеттік басқару, бюджеттік жоспарлау, коммуналдық меншікті басқару, цифрландыру, тәуекел-менеджмент, кәсіпкерлікті дамыту және инвестициялар тарту саласында 17 модуль мен 240 академиялық сағатты қамтиды. 

2023 жылы аудандар мен облыстық маңызы бар қала әкімдерінің пилоттық сайлауы өтті. Барлық өңірлерде 45 әкім сайланды. Биылдан бастап барлық ауданның әкімі тікелей сайлау арқылы ғана қызметке кіріседі. Осыған байланысты, бүгінгі «Әкімдер мектебін» іске қосу уақтылы әрі орынды шешім деп санаймын. Біліктілікті арттыру бағдарламасы ауылдық аймақтардың дамуына жаңа серпін беріп, халықтың тұрмыс деңгейін жақсартуға мүмкіндік береді», деді жиынға қатысқан вице-премьер Қанат Бозымбаев.

Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Аmanat» партиясының оң тәжірибесін ескере отырып, МҚІА-мен бірлесіп сайланған әкімдер мен түрлі деңгейдегі басшыларды кешенді даярлау бағдарламасын іске қосуды тапсырған болатын.