Қазақстан • 19 Ақпан, 2025

Әзербайжан судьялары Қазақстанның Жоғарғы Сотына келді

446 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның жоғары сот органында Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Санан Гаджиев бастаған Әзербайжан судьяларының делегациясы болды, деп хабарлайды Egemen.kz Жоғарғы Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әзербайжан судьялары Қазақстанның Жоғарғы Сотына келді

Фотолар: Жоғарғы Сот

Әзербайжан судьяларының Астанаға бұл жұмыс сапары – соңғы үш жылдағы үшінші сапары. Соның аясында делегация Қазақстан соттарында жүргізіліп жатқан реформаларды егжей-тегжейлі зерделеуді жоспарлады.

жоғарғы сот

Әзербайжандық делегацияның келуіне орай ізгі тілегін жеткізе отырып, ҚР Жоғарғы Сотының Төрағасы Асламбек Мерғалиев сот төрелігіне қолжетімділікті кеңейтуге және бұзылған құқықтарды қорғауға бағытталған сот реформасының негізгі бастамаларына тоқталды.

Олардың қатарында – әкімшілік әділетті дамыту (азаматтар мен кәсіпкерлер мемлекеттік органдарға қарсы істердің 58 пайызын жеңеді), апелляцияның рөлін күшейту, отбасылық соттарды құру, эксаумақтық соттылықты енгізу, сондай-ақ кассациялық қадағалауды жетілдіру мәселелері бар.

Сонымен қатар, соттарды қаржыландырудың жаңа моделін енгізу арқылы судьялардың тәуелсіздігін нығайту, судьяларды кәсіби бағалау әдістемесін жетілдіру және сот ісін жүргізуді цифрландыру атап өтілді.

Аталған реформалар туралы толығырақ ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов пен ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Арыстанбек Стыбаев айтып өтті.

Одан кейін делегация республика соттарының қызметін талдаумен және мониторинг жүргізумен айналысатын Жоғарғы Соттың ахуалдық орталығының мүмкіндіктерімен таныс болды.

Қонақтарды жасанды интеллект элементтері бар IT-қызметтері, сондай-ақ роботтық процестер ерекше қызықтырды.

Сапар барысында қонақтар Жоғарғы Сотқа жылы жылы шырайлы қабылдау үшін алғыс айтып, ынтымақтастықты дамытуға екі жақты ниетті екенін атап өтті.

Сапар барысында әзербайжандық делегация елордалық соттардың, АХҚО Төрелік орталығының және Жоғары Сот Кеңесінің жұмысымен де танысуды жоспарлады.