Алматы • 19 Ақпан, 2025

Алматыда заманауи бейнекамералар орнатылады

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда жасанды интеллект негізіндегі бейнемониторинг пен сараптама жасайтын жүйелер қарқынды түрде дамып келеді. Қала тұрғындарының қауіпсіздігін жақсарта түсетін жұмыстар туралы Алматы қалалық Цифрландыру басқармасы басшысының орынбасары Мейрам Дюсюков мәлімдеді.

Алматыда заманауи бейнекамералар орнатылады

«Қазіргі таңда Алматыда 45 мың бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Келесі жылы олардың саны 70 мыңға жетеді. Бұл қаладағы қоғамдық қауіпсіздікті бақылау тиімділігін айтарлықтай жақсартады», дейді спикер.

Қалалық бейнемониторинг жүйесі халық көп шоғырланған орындарды анықтап қана қоймай, адамдардың әрекетін, төбелестер мен күдікті заттарды тіркейді, қоғамдық орындарда қаруды танып, қоғамдық тәртіп бұзушылықтарды, өрт пен түтінді анықтай алады.

«Келесі жылы біз жаңа бейнабақылаудың жаңа мүмкіндіктерін енгізуді жоспарлап отырмыз. Оның ішінде: заңсыз қоқыс үйінділерін анықтау, қоғамдық көліктерді бақылау мен қаңғыбас үй хайуанаттарын анықтау жүйелері бар», деді Дюсюков.

Тағы бір маңызды бастама – Cell Broadcast технологиясын қолдану арқылы жедел ескерту жүйесінің енгізілуі.

Бұл технология мобильді желілерге шамадан тыс жүктеме түсірмей, азаматтарға шұғыл хабарламаларды жылдам жеткізуге мүмкіндік береді.

«Сынақ барысында жүйе ұялы операторлардың 47 мың базалық станция секторларын өңдеп, сәттілігі 99,6% хабар таратуға қол жеткізді», деді Дюсюков.

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар