Оқиға • 19 Ақпан, 2025

Ақмола облысында автобус жүргізушісі оқушы қызды қағып кетті

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында мектеп автобусының жүргізушісі 10 жасар қызды қағып кеткен. Салдарынан жасөспірім қыз оқиға орнында көз жұмған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақмола облысында автобус жүргізушісі оқушы қызды қағып кетті

Фото: i.iheart.com

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 19 ақпанда Қараөткел ауылындағы ІТ мектебінің аумағында болған.

«Мектеп автобусының жүргізушісі кәмелетке толмаған 2015 жылы туған баланы қағып кетті. Жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр», делінген хабарламада.