Аймақтар • 19 Ақпан, 2025

Маңғыстауда алғаш рет ауыл әкімдіктері арасында байқау жарияланды

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың бастамасымен ауыл мәртебесін көтеру мақсатында «Үздік ауыл әкімдігі» рейтингін өткізіледі.

Маңғыстауда алғаш рет ауыл әкімдіктері арасында байқау жарияланды

Фото: Y. Almabek, massaget.kz

Жыл қорытындысы бойынша үздік деп танылған ауыл әкімдері мен әкімдіктеріне арнайы сыйлық бар.

1 орын алған ауыл әкімдігіне – коммуналдық шаруашылық техникасы беріледі және ауыл әкімінен бастап техникалық қызметкерлерге дейін 6 лауазымдық жалақымен марапатталады. Мысалы 160 мың теңге алатын әкімдіктің жас маманы 960 мың теңгеге ие болады. Ал, 100 мың теңге алатын еден сыпырушы 600 мың теңге сыйақы алатын болады. Сонымен қатар ауыл әкіміне қызметтік автокөлік беріледі.

Ал 2 орын алған әкімдігінің ұжымы 4, ал 3-ші орын алған ауыл әкімдігінің қызметкерлеріне 2 лауазымдық жалақы беріледі.

Үздіктерді мәслихат депутаттары мен қоғам белсенділерінен құрылған арнайы комиссия анықтайды. Байқау жылдың соңында қорытындыланып, жеңімпаздар салтанатты түрде марапатталады.                  

Маңғыстау облысы