
Фото: freepik.com
«Табысты мектеп» жобасы оқу жылының нәтижелері бойынша қорытындыланады. Үздік мектеп ұжымына 3 айлық жалақы мен қызметтік автокөлік берілметін болады.
Жоғары көрсеткішке ие болған мектеп директорынан бастап, техникалық қызметкерлерге дейін қаржылай сыйақы беріледі.
Бірінші орын алған мектептің қызметкерлеріне 3 айлық жалақы мен мектеп директорына қызметтік автокөлік беріледі.
Мысалы 1 ставкадағы физика пәнінің мұғалімінің жалақысы 300 мың теңге болса, ол 900 мың теңге сыйақы алатын болады. Ал кіші қызметкер 120 мың теңге алса, 360 мың теңге жалақы алады.
Ал екінші орын алған мектеп ұжымына 2 лауазымдық жалақы көлемінде сыйақы берілсе, үшінші орын иегерлері 1 лауазымдық жалақымен марапатталады.